Мамыр айы (2022)
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 585 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылды.
Кәсіпорынның қызметі бюджет қаражаты (республикалық бюджет есебінен 90% - ы субсидияланады) және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған өз табысы (10%) есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.
Қаржылық қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында музей-қорығы әкімшілігі қайырымдылық жарналар есебінен түскен қаражаттың түсуі мен жұмсалуы бойынша ай сайынғы деректерді жариялайды:
2022 жылдың мамыр айында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қайырымдылық және демеушілік шотына 532 879 теңге түсті. Осы сомадан:
банк қызметі – 2 032,21 теңге,
шаруашылық жұмыстарына – 367 364,теңге,
«Музей түні» іс-шарасын ұйымдастырып өткізуге – 679 670 теңге,
көгалдандыру жұмыстарына – 450 800 теңге жұмсалды.
Жалпы мамыр айындағы шығыстардың сомасы 1 499 866,21 теңгені құрады.
Яғни 966 987,21 теңге алдыңғы айлардан қалған сомадан жұмсалды.