«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Аңыздар / Қостөбе

Қостөбе

Қостөбе қалашығы

Мұхамед Наршахидың Х ғасырда жазылған «Бұқар тарихы» атты еңбегінде қаланың пайда болуының негізі әдемілеп түсіндіріліп жеткізілген. Осы аталған еңбекте Наршахи Бұқар қаласының пайда болуымен бірге ондағы жергілікті халықтың осы маңға қайдан келгенін тәптіштеп жазады. Мұның біз үшін маңызы зор, себебі сол дәуірдегі Бұқар қаласы мен оның аймағын соғдылар емес түркілер жайлағанын дәлелдейді.

«Түркістаннан келген адамдар осында қоныстанды, өйткені бұл жерде су мен ағаштар көп болды, аң аулайтын тамаша орындар бар еді, бұл адамдарға өте ұнады. Басында олар киіз үйлер мен шатырларда тұрды, бірақ кейінірек адамдар жинала бастады және ғимараттар тұрғыза бастады. Көптеген адамдар жиналды, олар өз арасынан біреуін таңдап, оны әмір етті. Оның аты Абруи болатын».

Түркістан өңірінен келген бабаларымыз Бұқар аймағын дамытып, өздерінің жеке әмірін сайлап алады. Дәл осы кезеңде Еуразия даласында Ұлы Түркі қағанаты дәурен құрып тұрған шақ болатын. Сондықтан, әмір ретінде тек Түркі қағандарының ұрпақтары ғана сайланатын. Ал Абруй да ұлы Түркі қағаны Бумын қағанның ұлы Мұқан қағанның күңнен туған баласы болатын. Абруйдың бұл аймақты қалай билегені туралы «Бұқар тарихында»:
«Патшаның өзі өмір сүрген үлкен ауыл Пейкенд, ал қала Кала-и Дабуси деп аталды. Біраз уақыттан кейін Абруидің күші артып, аймақты аяусыз басқара бастады тұрғындардың шыдамы шегіне жетті» деп жазады.

Бірақ, Абруй қаған өзін билікке көтерген Бұқар халқының адами парасатын түсінбей, оларды қаталдықпен басқарды. Тіптен, оның қатыгездігі шектен шыққаны соншалық халық одан мезі болып, жан-жаққа қаша бастады. Елге керегі тыныштық пен бейбітшілік қой. Өз қағандарынан шаршаған ел оны тәубесіне келтіріп, өз жағдайларына қамқор болатын адамды іздейді де, оны Батыс Түрік қағаны Қара Шырын Түрікке арыз ретінде шағымданып, өздерін құтқаруды сұрайды. Қара Шырын Түрік қаған мұны жедел қабылдап, Абыройды тәубесіне келтіру үшін өзінің ұлы Шырын Арслан қағанды жібереді. Ол Абыройды ұстап, оны азаппен өлтіреді. Бұл туралы тағы да «Бұқар тарихы» былай дейді: «Дихкандар мен  бай көпестер бұл аймақтан кетіп, Түркістан мен Тараз бағытында жол тартады. Олар қаланы тұрғызып, оны Хамукат деп атаған, өйткені бұрынғы қоныстанушылардың басшысы Ұлы Дихкан бұхар тілінде "Інжу", ал "кат" - "қала" дегенді білдіреді. Сондықтан бұл атау «Хамука қаласы» дегенді береді.  Жалпы, бұқаралықтар «хамукас» деп ақсүйектерді атаған.  Бұхарада қалған елшілерді өз әміршілеріне жіберді және оларды Абруйдің зорлық-зомбылығынан қорғауды сұрады. Ақсүйектер  мен дихкандар Кара-Джурин-Турк деп аталатын патшадан көмек сұрады. Оның ұлылығы үшін халық оны Бияга деп атаған. Бияғаға сол кезде ұлы Шири-Кишварды үлкен әскермен жіберді. Ол Бұхараға келіп, Пайкенде  Абруйді қолға түсіріп, үлкен қызыл қапты арамен толтыруға бұйрық береді. Осының себебінен Абруй ажал құшады» [6]. Міне, Хамукат қаласы осылайша Бұқар жерінен Абырой әміршіден қашып келген тегі түркілік бай-көпестердің қолымен тұрғызылады. Осы жерде айта кететін бір жағдай қазіргі ғалымдарымыздың көбісі қаланы Орта Азиялық соғдылықтар соқты дейтін тұжырымы. Екі өзен арасында Соғдиана болғаны шындық, бірақ, дәл мына дереккөзден ұғатынымыз Бұқар қаласын да, Хамукат қалашығын да жайнатып гүлдендірген түркілер екендігі.