Халықаралық туризм күніне орай, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Көне Тараз» археологиялық саябағында «Дәуірлер көшіндегі Тараз» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Іс-шара аясында қала тұрғындары мен қонақтарына 2011-2017 жылдар аралығында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған құнды әрі бірегей жәдігерлер таныстырылды. Келуші қонақтар жылжымалы көрмені ерекше қызығушылықпен тамашалады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің Мәдениет және ақпарат министрлігі болып өзгертілуіне байланысты Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар ескерткіштердің қорғау тақтайшаларына жаңартылу жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты халықаралық маңызы бар Құлан қалашығының ақпараттық стендттері жаңа мәліметтермен толықтырылды.
Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорықтың «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің қызметкерлері музей-қорыққа қарасты нысандарды насихаттау мақсатында «Бір сурет – бір мағына» тақырыбында көркемсурет мүшәйрасын өткізді. Көркемсурет мүшәйрасында Тараз қаласындағы жас суретшілер Республикалық маңызы бар ескерткіштердің тізіміндегі «Қарахан» кесенесінің кескіндемесін қағаз беттеріне түсірді. Іс-шараның соңында жас суретшілерге құттықтау рәсімі өтті. Құттықтау барысында бірінші дәрежелі дипломды – Қалмақан Арайлым Ғалымжанқызы, екінші дәрежелі дипломды – Асқарбек Каусар, үшінші дәрежелі дипломды – Қанатбек Аруна, Нұрмаханқызы Мерей иеленді. Сонымен қатар жас суретшілерге музей-қорыққа қарасты нысандарға тегін кіру сертификаттары табысталды.
Page 6 of 159