News
Халықаралық балалар күніне орай «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсоводы Фариза Жұмағұлова Оқушылар сарайының суретшілерімен бірге Көне Тараз археологиялық саябағына танымдық экскурсия жүргізді.
Қор сақтау бөлімінің қызметкерлері оқушыларға көне Тараздан табылған құнды жәдігерлердің маңызын түсіндіріп, олардың тарихымен таныстырды. Балалар ерекше қызығушылықпен тыңдап, көне жәдігерлердің бейнесін қағаз бетіне түсірді.
Іс-шара соңында оқушылар әдемі суреттері үшін тәтті шоколад сыйлықтарға ие болып, көтеріңкі көңіл-күймен қайтты!
Балаларды қорғау күніне орай «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының бас қор сақтаушысы Ұлболсын Әлімханова мен «Бақытты болашақ» оқушылар сарайының туристік-өлкетану үйірмесінің жетекшісі Крокошева А.В. Ақыртас архитектуралық-археологиялық кешеніне танымдық экскурсия ұйымдастырды.
Экскурсия барысында жас өлкетанушылар ортағасырлық бірегей сарай кешенінің қирандыларымен танысып, көне аңыздар мен қызықты әңгімелерді тыңдады. Сонымен қатар, визит-орталықтағы археологиялық көрмені аралап, тарихи жәдігерлерді тамашалады.
Іс-шара соңында оқушыларға арналған өлкетану байқауы өткізіліп, балалар тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Бақытты балалық шақ – барлығымыздың ортақ арманы!
Бүгін «Отырар музейі кеше және бүгін: музей ісінің даму үдерістері мен жаңа мүмкіндіктері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Жиында “Ежелгі Тараз ескерткіштері” тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Гүлмарал Үшкемпірқызы 2014–2017 жылдар аралығында Тараз қаласында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары мен зерттеулері туралы баяндама жасады.
Сондай-ақ, аталған бөлімнің тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы ортағасырлық Түймекент қалашығы жайлы қызықты деректермен бөлісті.
Бұл баяндамалар конференцияға қатысушылардың қызығушылығын тудырып, тарихи-мәдени мұраларды зерттеу мен сақтаудың жаңа қырларын ашты!


Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшылары — Ұлжан Қанібекқызы мен Ақдидар Жәнібекқызы Жамбыл облысының мемлекеттік архивіне мекеме құжаттарын тапсыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бұл шара — тарихи-мәдени мұраны сақтау және келешек ұрпаққа жеткізу жолындағы маңызды қадам. Архив құжаттары — өткеніміздің айнасы, халқымыздың тарихи жадының ажырамас бөлігі.


Халықаралық Түркі мәдениеті және мұрасы қорының бастамасымен Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында орналасқан көне Құлан қалашығында музейлендіру жұмыстары қолға алынады. Бұл бастама – Түркі өркениетінің іргелі ошақтарының бірі болып табылатын, ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген құлан қалашығының тарихи келбетін қайта жаңғыртып, халықаралық деңгейде танылуына серпін бермекші.
Аталған бағыттағы алғашқы зерттеу жұмыстарын атқару үшін аймаққа Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (Халықаралық білім беру корпорациясы) жанындағы Түркі мәдениеті және мұрасы орталығы мен Сәулет факультетінің мамандары:
Бекешов Сәрсенғали Сагызбайұлы – тарих ғылымдарының кандидаты, ЮНЕСКО кафедрасының қауымдастырылған профессоры
Жұматаев Сакен Әлжаханұлы – тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар сәулеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры
Акунов Арыстан – сәулет жобалау негіздері кафедрасының ассистент-профессоры
Дүйсен Бауыржан -ЮНЕСКО кафедрасының доктаранты келді.
Жобаның таныстырылым барысында Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени музей-қорығының директор м.а. Нұржан Мергенбайұлы мамандармен кездесіп, жобаның мазмұны мен болашағына қатысты ұсыныстарын білдіріп, толық қолдауын жеткізді.
Мамандардың еңбегінің нәтижесінде тарихи орын қайта түлеп, халықаралық ғылыми және туристік кеңістікте кеңінен танылуға мүмкіндік алады. Соның арқасында тарихы терең Құлан қалашығы елімізде туристер ең көп баратын нысандардың біріне айналатын болады.
Page 23 of 199
01 Jun 2025
558