«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Ғылыми жұмыстар

Ғылыми жұмыстар
           “Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының
“Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау” бөлімінің басшысы Ұлжалғас Шаизханның
“Тараз – Тарихтың терең қойнауынан сыр шертетін көне шаһар” атты мазмұнды мақаласы
KAZMUSEUM.KZ сайтында жарық көрді!
           Мақалада көне Тараз қаласының тарихи-мәдени мұрасы, археологиялық жаңалықтары
мен оның өркениеттегі орны туралы тың деректер мен ғылыми пайымдар баяндалған.
Тарих пен ғылымға қызығатын барша оқырманды мақаламен танысуға шақырамыз!
 
             “Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының “Ғылыми қызмет
және ескерткіштерді қорғау” бөлімінің тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызының мақаласы KAZMUSEUM.KZ
сайтында жарияланды!
             Мақала тақырыбы: “Тараздың тарихи моншалары”. Бұл мақалада көне Тараз қаласындағы
ортағасырлық моншалардың ерекшелігі, құрылымы мен мәдени маңызы туралы қызықты деректер келтірілген.
Толық мақаланы оқуға кеңес береміз! https://kazmuseum.kz/e-seli.../item/2418-tarazdy-tarikhi-
 

            “Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының “Ғылыми қызмет және
ескерткіштерді қорғау” бөлімінің тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызының мақаласы ULY DALA MURASY
халықаралық ғылыми журналында жарияланды!
           Мақала тақырыбы:  “Akyrtas Palace Complex: Archaeological Research and Conclusions” 
(«Ақыртас сарай кешені: археологиялық зерттеулер мен қорытындылар»).
Бұл еңбекте Ақыртас кешеніне жүргізілген археологиялық қазбалар нәтижелері мен тарихи тұжырымдар
ғылыми негізде ұсынылған. Материалда кешеннің сәулеттік ерекшелігі мен оның түркі өркениетіндегі
орны кеңінен талданған.
           Зерттеу жұмысының беделді ғылыми журналда жариялануы — музейіміздің халықаралық деңгейде
ғылыми үлес қосып жатқанын көрсетеді. Әріптесіміз Ақдидар Жәнібекқызына шығармашылық табыс тілейміз!
 

      Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени музей-қорығының “Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау” бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Гүлмарал Үшкемпірқызының мақаласы жарық көрді!
      «Көне Тараздың көмбесі» атты танымды зерттеу «Тектұрмас» республикалық тарихи-танымдық, ғылыми, әдеби-мәдени журналында жарияланды.
      Бұл мақалада Тараз өңірінің терең тарихы, археологиялық құндылықтары мен мәдени мұрасы терең талданған. Ежелгі Тараздың көмбесіне бірге үңілейік!
      Ізденіс пен ғылымға деген құштарлықты қолдайық!
 

        “Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының “Ғылыми қызмет және ескерткіштерді” қорғау бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Гүлмарал Үшкемпірқызының ULY DALA MURASI журналына мақаласы шықты.

 

          «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді» қорғау бөлімінің басшысы Ұлжалғас Шаизханқызының Qazaqstan Arhivteri журналына мақаласы шықты.

 

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді» қорғау бөлімінің басшысы Ұлжалғас Шаизханқызының «Музей — уақыт пен ұрпақтың сабақтастығы» тақырыбындағы мақаласы «Музей-тарих айнасы: қазіргі музей ісінің мәселелері және мүмкіндіктері» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағына шықты.