«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Тарихи-мәдени мұра / Тарихи ескерткіштер / Юнеско Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген нысандар

Юнеско Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген нысандар

Қостөбе қалашығы Сарыкемер ауылынан шығысырақта,  жайылмадан жоғары қолайлы ашық алаңда орналасқан. Қалашық VІ ғ. Түркістанға қоныс аударған бұхар соғдыларымен негізі қаланған және Жамукат (Хамукат) қаласына сәйкес келеді. Жамукат туралы түсініктемелер Х ғ.географы әл-Макдисиде, сондай-ақ Нершахидің «Тарих-и-Бұхарасында» кездеседі.

Қалашықты 1938 жылы ММЗИ САЭ және КСРО Ғылым академиясы мен бірге А.Н.Бернштам зерттеген. Шурф қойылып, қалашықты VІ-ХІІ ғғ. жатқызуға мүмкіндік берген қыштар, ақшалар алынған. Қалашықтағы археологиялық қазба жұмыстары Қаз КСР ҒА АЭЗИ АЭТ-мен басталып, 1986-87 жж. Қаз КСР ҒА АЭЗИ тарихи мәдени ескерткіштер Жиынтығының археологиялық экспедициясымен К.М.Байпақов жалғастырылған.  2000 ж. археологиялық ескерткішті  ОҚӨАЭ-мен т.ғ.д, археолог, академик К.М.Байпақов жетекшілігімен зерттелген.

            1985-87 жж. археологиялық жұмыстар барысында ескерткіштің топографиясы туралы  деректер алынған, сондай-ақ қала қабырғасының орталық қираған орындары қазіргі уақытта бұзылған ұзын қабырғалармен қоршалған және ауылшаруашылық аймағы қабырғаға жанасып салынған деген болжамдар да бар. Археологтардың айтуы бойынша - Қостөбе қалашығы Талас алқабындағы қалалар арасында ең ірі қалалардың бірі екендігі мәлім болды. Оның топографиясы бекініс қабырғасының солтүстігінде орналасқан жеке тұрған күмбез тәріздес дөңес (от шіркеуі болуы мүмкін) пен бекіністік қабырғаның солтүстікке қарай некропольдар Суяб пен Навакет  қалаларының қалдықтарымен сәйкес келетін Шу алқабының Ақбешім мен Қызылсу қалаларының топографиясына жақын.

     Қостөбе қалашығының орталық қираған орындары мұнаралы қабырғалардың периметрі бойынша өзара аралық орлардан және ішкі қабырғалар арасындағы олардан (шахристан 2) тұрғызылған тікбұрышты үшбұрышасты пішіндегі үстіртеу жерде (420х450 м) тұр. Қабырғаның биіктігі 3,5 метрге дейінгі мұнаралардың адырлануымен 3 м биіктікте сақталған. Қалашықтың ішкі жағына төрт қақпа алып барады, олардан қабырғалардағы үзілулер сақталған.

      Бекіністің солтүстік қабырғасындағы білікте үшбұрыш асты пішіндегі адыр бар. Оның солтүстік-батыс бөлігі қалашықтың солтүстік қақпаларынан шығатын солтүстік-шығыс жолымен бөлінген. Онда жекеленген күмбез тәріздес адырланулар (некрополь 2) орналасқан.

Жекеленген адырланулар – мүмкін, бау-бақша қалдықтары Талас өзенінің оң жағалауынан қазіргі заманғы Байзақ ауданында ұласады және де Талас өзенінің сағасындағы елді мекендер мен қалаларды Ұлы Жібек жолының бойында болған Төменгі Барысхан (Төрткүл қалашығы) қалашығымен байланыстырған ежелгі керуен жолдарының бойына бағытталса керек.

Қазба жұмыстары Қостөбе мен оның некропольіндегі ішкібекіністерге жүргізілді. Қостөбе қалашығының ішкібекінісі- үстінде (60х60м) алаңқайы бар төртбұрыш үлгісіндегі дөңес. Жүргізілген қазба жұмыстары бірнеше жекеленген кезеңнің құрылыстарын анықтады.     Олардың бірі –Қостөбе сарайы. Оның құрылысы 2 кезеңде: VI- VIII ғғ.,   VIII- X ғғ. жүргізілді. Сарай қабырғаларының көпшілік бөлігі күйдірілген кірпіштен -пахсалы блоктармен қаланған. «Дарбаза» түріндегі ірі ғимараттар үстіндегі, шағын бөлмелер үстіндегі жабындылар – арқалықтан жасалған. Құрылыстың екінші кезеңінде солтүстік бекініс. Қабырғасы салынды, ал ескі қабырғадан тұрғын және шаруашылық бөлмелер тұрғызылды. Барлығы 20 тікбұрышты бөлмелер тазартылды.

     Сарайдың интерьері тұтас алғанда кескіш істікті сылақтың қалың қабаты бойынша, алебастрдан жасалған сәулет тетіктерімен, қолтаңбалармен безендірілген Некрополь 2-дегі жүргізілген зерттеулер жерлеулердің көпшілігі шикі кірпіштен тұрғызылған тікбұрышты және квадрат пішіндегі қабірлеу құрылыстары – наустарда жүргізілді. Наустардан сақиналы тұтқасы бар қыш сапты аяқтың, қара өрікті және қара өріксіз құмыралардың сынықтары, күміс және қола сырғылар, сақинаға ұқсас сырғалар, моншақтар тізілген сақина түріндегі сырғалар және де т.б. бұйымдар табылды.

    Қостөбе некропольін VI- VIII ғғ.,   жататын Пендикент, Бөріжар қорымының, Шагидің, Қызылсудың наустарымен қатар қойғанда көптеген ұқсастықтар байқалады. Дәл осы кезеңге жоғарыда айтылған ескерткіштерге ұқсастықтары бар қыштардың, сырғалардың – олжа кешендері де кіреді. Сонымен, тауыстың немесе қораздың суреті бар белгі қимақтармен аттас Ертістегі көшпенділердің жерленулерінен табылған дәл осындай белгіге ұқсас. Қимақтар Ертіс маңынан Батысқа қарай VIII ғ. екінші жартысында ғана жылжи алғандығы белгілі. Бұл көшпенділердің әшекейлерінің, сондай-ақ қала некропольдерінде аттарды жерлеудің пайда  бола бастағандығын көрсетеді.

Өрнек қалашығы Өрнек ауылының оңтүстігінде 7,7 км қашықтықта, Алтынсу өзенінің жағалауында, Сұлутөр шатқалында орналасқан. 2011 жылы ескерткіштер Жинағы экспедициясы С.Пəрменқұл, Ш.Құдабаев зерттеп, құралмен жоспарын түсіріп, координаттарын алған. Ескерткішті 1985–86 жж. Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі жайының экспедициясы мен Ш.Ш.Уəлиханов атындағы  ТАЭИ-ның тарихи жəне мəдени ескерткіштер жинағы археология экспедициясы К.М. Байпақовтың жетекшілігімен зерттеген. 1992-93 жж. қалада ОҚКАЭ-ның, К.М. Байпақов отряды жұмыс жасады.

Қазба жұмыстары барысында төртбұрыш алаңға ұқсас бағдарлы бұрыштары төрт жаққа бағытталған қаланың орталық бөлігі табылды.Қоршап тұрған дуалының қырымен есептегенде оның өлшемдері –155×160 м. Дуалдың сақталған биіктігі– 5 м,  eні 11–15 м. Қабырғаның бұрыштары: солтүстік-шығыс жағында олардың саны 7 (бұрыштағыларын қоса санағанда), солтүстік-батысында – 6, оңтүстік-шығысында –9, оң түстік-батысында – 9. Төрт жағының əркайсысында дуалдың жырығы тəріздес қалаға кipeтiн жер байқалады. Қақпалары қаланың ортасында түйісетін жолдармен біріккен. Қаланың солтүстік-батыс қабырғасының түбінде жəне оңтүстік бұрышында сопақша келген төбешіктер байқалады. Тікбұрышты жайпақ төбе солтүстік-шығыс қабырғаға жаңасқан. Қаланың ортасында, солтүстік-батыс қабырғасына жақын жерде, су жиналатын хауздардың бip-бipiмен жалғастырылған, жобасында дөңгелек үш шұңқыры орналасқан.

            Археологиялық қазба жұмыстары барысында мешіттің орны табылған. Мешіт X-XII ғғ. мерзімделінеді. Мешіттің жанында жолға қарама-қарсы жағында қазбалар кезінде тұрғын үй қалдықтары ашылғaн. Оның қабырғаларының іргелері тастан қыш ерітіндісінде қаланған. Үй жобасы тікбұрышты, бip бөлмелі. Қабырғаларының сыртқы жиегі бойынша үйдің өлшемдері 8×7 м. Қабырғаларының қалындығы 0,8×0,9 м, сақталған биіктігі 0,5 м. Үйінің жалғыз бөлмесінің жобасы Г тəріздес жалпы ауданы 20,5 шаршы метр және де көптеген керамикалық ыдыстар табылды. Керамика X–XIII ғасырлардың басшенімен мерзімделеді. Шыныдан жасалған бұйымдардың сынықтары да табылған.

      Қазба жұмыстарының барысында eкi əртүрлі кезеңдердегі құрылыстар табылған. Олардың үстіңгісі – бip бөлігі жылғамен бұзылған мазардың қалдықтары. Мазар жарыққа қарай бағытталған, шаршы тəрізді пішінге ие. Мазар сазкірпіштің лақаттарынан салынған ұжымдық қабірлеу үшін пайдаланылған.Қазба жұмыстарының стратиграфиясын зерттеу барысында мазар мен қабірлеу төменіректеу салынған және қыш жасайтын шеберхананы қиратқандығы анықталды. Оның қалдықтары күймей қалған қыш сынықтарынан байқалады. Шеберханаға жүргізілген қазба жұмыстарының нəтижесінде хұм, қазан, құмыра, сапты аяқтар және қыштан жасалған бұйымдардың қалдықтары табылды.

     Өрнек  қаласының топографиясын зерттеу жəне ондағы жүргізілген қазба жұмыстары отырықшылық пен қолөнер орталығы болғандығы жайлы түciнік бepeдi. Сонымен қатар мықты бекіністердің,  мешіттің, бай мазардың болуы, бұл қоныстың қала қалдығы екендігін дəлелдейді. Арабтың тарихшылары Ибн Хордадбек пен Құдама құрастырған жол бағдарламалары бойынша, Тараз, Төменгі Барысхан жəне олардыңаралықтарында Құлан, Касрибас, Құлшуб жəне Жұлшуб орналасқаны жайлы анық жазады.

            Өрнек, Қасрибас сияқты қарлұқ федалдарының қарауындағы  Құлшұбқа сəйкес келетін қала болған. Археологиялық қазба жұмыстарынан алынған  материалдар, Өрнек қалашығы көшпенді халықтың көктемгі және күзгі жайылымдарында тұрақты қоныс аумағында пайда болуы туралы болжам жасауға мүмкіндік береді. Мұнда көшпенді халықтың бip бөлігі қоршалған жерлерде бидай егуі әбден мүмкін. Ұлы Жібек жолымен жүріп өткен халықаралық саудақаланың қалыптасуында маңызды рөл атқарған. Өрнек сияқты ескерткіштерді зерттеу көшпелілердің отырықшылыққа ауысу процестерін жəне оларда қала орталықтарының пайда бола бастағанын анықтауға мүмкіндік береді.

Баласағұн (Ақтөбе) қалашығы Жамбыл облысы Шу ауданы Ақтөбе ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 3 шақырым жерде, Ақсу өзенінің қос жағалауында орналасқан.

Ұлы Жібек жолы бойында тұрған ірі қала қирандыларының қатарына көне Ақтөбе қаласы да кіреді. Алғаш рет Ақтөбе-Степнинское қалажұрты жөнінде 1894 ж. жарық көрген əдебиетте мəлімет берілген. Қала басында болған В.В.Бартольд былай дейді: «Ақсу мен Сукулук өз. сағасында аумақты жерді алып жатқан қирандылар туралы хабарды естігеннен кейін, мен Беловодское бекетінен (Ақсу) солға қарай бұрылып бет алдым. Бұл төңірек жағрафиялық жағынан аз зерттелген, дегенмен оған жақын жерде орыс ауылы (Степное) орналасқан. Бас штабтың жаңа картасында (тіпті қанағаттанарлықсыздай күйде) Қарабалты, Ақсу жəне Сукулук өзендерінің ағысы нүкте түрінде жəне онымен қоса қате көрсетілген; Қарабалты мен Сукулук негізінде суы мол Ақсу өзеніне, ал, ол болса Шу өзеніне келіп құяды. Сукулуктың Ақсуға құяр жерінен оңтүстікке қарай Ақ-тепе төбесі орын алған. Ол толығымен қыш кірпіштен қаланған, айналасында кірпіш бөліктері  шашырап жатыр».

Ескерткішті 1941 жылы Жамбыл археологиялық  экспедициясы Г.И.Пацевичтың жетекшілігімен ашты. Бұл кезеңдебарлау жұмыстары орындалып, Ақтөбе қалажұртын тек өлшеумен ғана шектелді. Қазба жұмыстары ол кезде жүргізілмеді.

1954 жылы қаланы Қырғыз КСР ҚКАЭ зерттеді. П.Н.Кожемяко бұл қорған қабырғалармен қоршалған ірі ортағасырлық қаланың орны екенін атап өтті. Оның қала бойынша құрастырған сұлбалық картасына бірнеше қатар болып орналасқан қорған қабырғалары түсірілген; құрылыстар шоғырланған ауданның шекарасы көрсетілген, салынған шурф орындары белгіленген. Бекініс орнында салынған үш қима да сұлбалық картада орын алған. Орындалған жұмыстардың нəтижесіне қарап П.Н.Кожемяко қабырғалардың алғашқы биіктігін 5-6 м. деп болжамдайды.

ҚазМУ У.Х.Шəлекенов бастамасымен археологиялық экспедициясы 1974 жылдан 1980 жылға дейін өзінің тұрақты қазба жұмыстарын жүргізеді. Ал, 1977 жылы ЖАЭ К.А.Ақышев бастаған археологиялық қазба жұмыстары Ақтөбе қалажұртының барлық бөліктерін қамтиды.

Цитадельдегі археологиялық қазба жұмыстары барысында  қалыңдығы 9 метрден асатын мəдени қабаттың үш хронологиялық кезеңге жататынын анықтады, яғни, VI ғ. – VIII ғ. 1-жарт., VIII ғ. 2-жартысы – X ғ., XI ғ.басы – XIII ғ.

 Қала ұзын дуалдармен қоршаған, екі Шахристаннан (1,2), цитадельден және қала төңірегі құрылыстарына тұрады. Шахристан-1 (380х250м) тік бұрыш үлгісіндей құрылым. Оның орта бөлігінде 100-110м шаршы тәрізді, биіктігі 10м. цитадель орналасқан. Шахристан-2 өлшемдері-(300х250м), биіктігі 3-6 м. Қала төңірегі ұзын дуалдармен қоршалған: бірінші дуалдың ұзындығы 17 шақырым, екіншісінікі - 25 шақырым. Екінші дуалға батыс және оңтүстік жағынан 4 жарты шеңбер дуалдар ұласады. Қазба жұмыстары қала қалдығының барлық бөліктерінде жүргізілді.

VII-XII ғғ. мерзімделінетін тұрғын-жайлар табылды.Тұрғын-жайлар (үй мен оның ауласы) қатары көрші қатардағы мекен-жайлардың артқы жағымен тиіп тұр. Телімдердің ауданы 0,25 га бастап 1-1,5 га дейін.

Көп жылдық ғылыми зерттеу жұмыстары барысында қазақстандық белгілі археологтар У.Х.Шалекенов пен М.Елеуовтың болжамдары бойынша қала ортағасырлық Баласағұн қаласымен теңдестіріледі. Баласағұн қаласы - ұзақ уақыт бойы Қараханидтер империясы батыс бөлігінің астанасы ретінде, Еуразия құрлығының аумағындағы аса ірі мәдени, ғылыми, рухани орталық болды. Қалада Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари т.б. көрнекті тұлғалар өмір сүріп, қызмет етті. Осы жерде Жүсіп Баласағұнидің «Құдатғу Білік» («Даналық сөзі») атты аса құнды еңбегі жазылды.

Баласағұн қаласы «Ұлы Жібек жолындағы» аса ірі мәдени, саяси және экономикалық орталығы болды. Аталған ескерткіште 1974 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақтөбе қалажұртында əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Археоло-гиялық экспедициясы зерттеу жұмыстарын ұзақ жылдар бойы жүргізіп келеді. Осы аралықта су құбыры жүргізілген шығыс моншасы мен алаңы бар сарай кешені, VI-XII ғғ. жататын рабад аумағы, VI-XII ғғ. төрткүл, бекініс құрылымдары, шарапханалар, шаруашылық құрылыстар, керамикалық ыдыстар мен қару қалдықтары табылған, қолөнер шеберханасы тәрізді көптеген нысандар ашылып, зерттелді. Археологтар 500 данадан астам мыс тиындар көмбесін тапты.

Құлан қалашығы Т.Рысқұлов  ауданы, Құлан  ауылының  маңында  орналасқан.Зерттеушілер Луговое қаласын бip ауыздан Жетісудың ортағасырлық белгілі қаласы Құланмен тепе-теңестіреді. Құлан қалашығы алғаш рет VІІ ғ. бірінші жартысына жататын жазба деректерде кездеседі. Қытай тақуасы Сюань-Цзяньның жол бағдарламасында және Тан династия-сының тарихында қала Цзюй-Лань деген атпен аталып өткен. Ол туралы VIII–X ғ.ғ. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қалаларды сипаттаған араб авторлары да жазып кеткен. X ғ. араб географы ал-Макдиси былай деп жазған: «Құлан – бекіністі қала, онда соборлы мешіт (Медина) бар. Ол енді бос қалды, ол үлкен Тараз жолында». Географиялық сөздіктің авторы Якут, өзінің XIII ғ. 20-жылдарында құрастырылған еңбегінде Құлан туралы былай деп жазып қалдырған: « Құлан – түркі елінің Мəуераннахр жағындағы шекарасында орналасқан сүйкімді қала». Құланмен бірқатар тарихи оқиғалар байланысты. Мəселен, 740 ж. түргеш бегі Құрсұл батыс-түрік қағанатының ең соңғы қағаны Ашин Сыньды осы қалада өлтірсе, ал 840 ж. араб əскерлері Құланға дейін жеткен.

Қала территориясына жасалған алғашқы археологиялық қазба жұмыстарын 1936 ж.Жетicy археологиялық экспедициясы А.Н. Бернштамның жетекшілігімен жүргізілді. Қазба жұмыстарының нəтижесінде алғашқы отырықшы қоныстардың Луговое төңірегінде б.з. бірінші ғасырларында пайда болғандығы анықталды. 1963-65 жж. Жетicy археологиялық экспедициясы Луговое отряды қаланың айналасындағы жеке тұрған төбешікке қазба жұмыстарын жүргізсе, 1987 ж. Қазақ КСР FA ТАЭИ-ның тарихи жəне мəдени ескерткіштер жинағы археологиялық  экспедициясы Луговое «А» қамалына қазба жұмыстарын жалғастырып, Луговой «В», «Г» қамалдарында  К.М. Байпаков қазба жұмыстарын  жүргізді.

Қаланың топографиясынан шахристан, ішкі қамал және шығыс жағынан бекініссіз рабаттың іздері аңғарылады. Қаланың орталық бөлігінің қирандылары ауылдан солтүстік-шығысқа қарай 1,5 шақырым жерде орналасқан. Ішкі қамал қирандының солтүстік-батыс бұрышында. Осы күні ол биіктігі бірнеше метрге жуық   төртбұрышты, үстінде алаңы (40х40м) бар төбе тұрпатты. Ішкі қамалдың барлық бұрыштары мұнарамен көмкерілген. Қала сыртынан, тереңдігі 1 метрге жуық, ені 15 метрлік ормен қоршалған. Қалаға кіретін жер екеу. Олар оңтүстік және шығыс үйінді жолдардың қабырғасынан басталады.Археологиялық қазбалардың нəтижесінде Ортағасырлардың бас шенінде Орта Азия жəне Қазақстан ғимарат сарайларына тəн «айдарлы» жоспармен салынған орталық ғимарат ашылды. Сарайдың 7 бөлмесі болған.Сарай өмip cүpyiнiң бірінші кезеңіне жататын əшекейлі ыдыстардың көптігімен ерекшеленеді. Мұнда құмыра, тостаған жəне күл салғыштың қалдықтары сияқты асханалық ыдыстар кездеседі. Асханалық құмыраларқоспасыз иі қанған балшықтан арнайы ыдыс жасайтын шеңберде дайындалған.

Археологиялық ізденіс оны үш кезеңге бөледі. VІІ-VІІІ ғ.ғ., ІХ-Х ғ.ғ., ХІ-ХІІ ғ.ғ..

Археологиялық қазба барысында қамалдың орны табылған. Алынған мәліметтер бойынша ішкі қамалдың орнында VІІ-VІІІ ғасырларда, қабырғалары пахсадан қаланған ғимараттар болғандығын болжауға болады. Жаңа құрылыс кешені көне қаланың қалдықтары үстіне  тұрғызылған. Ойма өрнектермен әшекейленген көптеген  қыш қақпақтар мен дастархандар бұл қабатты ІХ-Х ғ.ғ. мерзімдеуге мүмкіндік береді. Табылған керамика сынықтары, құрылыс құралдары, қалашықтың ХІ-ХІІ ғасырларда өмір сүргендігін дәлелдейді.

2015-2017 жж. «Қазақ ғылыми - зерттеу мәдениет институтының» мамандарымен Құлан қалашығында  зерттеу жұмыстары цитадельдің солтүстік-батыс бөлігінде жалғастырылды. Қазба жұмыстары Серік Ақылбектің жетекшілігімен жасалды. Қазба жұмыстары барысында 2015 жылғы маусымда анықталған үшінші бөлмені толық ашудан басталды. Нәтижесінде VII-VIII ғасырларға жататын сарай бөлмелері ашылды. Қазбадан шыққан материалдар көрсеткендей бөлмелерді IX-X ғасырларда қарлұқтық кезеңде де пайдаланғандығы және бөлменің ішкі бөліктеріне жөндеу барысында өзгерістер жасалғаны анық көрінеді.

Сонымен қатар қазба барысында табылған қабырға бетіндегі жапсырма суреттерді сақтап қалу мақсатында академик К.Байпақов пен елімізге танымал рестовратор Қ.Алтынбеков бастаған мамандардың қатысуымен бірлескен жұмыстар бастады. Қабырғалардан табылған ою-өрнекті кескінді суреттерді уақытша табиғи жауын – шашынмен ылғалдан сақтау үшін арнайы шатырлар қойылды.