«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Мем. сатып алу / Басшылық

Мем. сатып алу

Құрметті оқырмандар!

Өздеріңізге белгілі 2000 жылдық тарихы бар Тараз қаласы үлкен руханият орталығы мен тарихы бай, жері құнарлы, табиғаты көркем қала. Тарихтың даму барысында өзіндік ерекшілігі бар ежелгі мәдениет ошақтарының бірі. Шу-Талас өзендері аумағы  қазақ этногенезінің даму орталығы мен Қазақ хандығының қалыптасу орны болып табылады. Сан ғасырлар тарихтың құпиясын бойына жиып жатқан осы қала туралы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  «Тараз — өткен мен бүгінгі күннің арасын жалғастырушы киелі де қасиетті желі, мәңгіліктің бейне нышаны…» деді

Ежелгі Қазақстан даласында Шығыс пен Батысты байланыстыратын Ұлы Жібек жолы өтті. Керуен жолдары арқылы мәдениеттер диалогы мен діннің таралуы қалыптасып, материалдық және рухани құндылықтардың алмасу процессі жүргізілді. Сол дәуірдің мұрасы ретінде көшпелі және отырықшы мәдениеттердің көптеген ескерткіштері сақталды.

Мәдениет мен өркениеттің тоғысқан мекені  Ежелгі Тараз қаласының тарихын баян ететін «Ежелгі Тараз ескерткіштері»  тарихи-мәдени қорық-музейінің Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы №256 Қаулысына сәйкес құрылған. Музейіміз – көне заман ескерткіштерін үлгі нұсқаларын жинақтаумен, сақтаумен, насихаттаумен және осы тарихи мұраны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе отырып, тәлім-тәрбие беретін ғылыми-мәдени және рухани мекеме. Тасын түртсен тарихы көрінетін Киелі Тараз мекенінде қазіргі уақытта, мекеме қарауында 30 Республикалық  дәрежедегі тарихи-мәдени  мұра тіркелген. Оның 5-і 2014 жылы  «Ұлы Жібек жолының ескерткіштері: Тянь-Шань дәлізі» аталымы бойынша  ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік  мәдени мұралар Тізіміне  қосылған. Олар: Ақыртас, Құлан, Қостөбе, Өрнек, Ақтөбе-Баласағұн қалашықтары.Елбасы Н. Ә. Назарбаев  "Ұлы Даланың жеті қыры" мақаласында Жерорта теңізі және Қиыр Шығыс өркениетін біріктірген Ұлы Жібек жолының тарихи мұрасына назар аударады. 2018 жылы Ақыртас сарай кешені мен Айша бибі кесенесі дүниежүзілік туристік тартымды мұралар тізіміне енді.

"Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. 2011 жылдан бастап Тараз қаласының аумағында археологиялық және ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде және  «Ашық аспан»  астындағы археологиялық парк салынуда.Қорық-музей қорында аймақтағы қолөнер, тауар мен ақша қатынастарының даму деңгейін анықтайтын керамикадан, металдан, шыныдан жасалған бірегей артефактілер жинақталған.

Музейіміздің қарқынды жұмыстарының нәтижесінде ICOM Халықаралық музейлер одағының шешімімен 2015 жылы «Жыл музейі» деген атаққа ие болды.

Қадірлі оқырмандар, Сіздерді, сәулет өнерінің үздік туындыларымен және археологиялық құндылықтар жатқан мекендерге саяхат жасауға шақырамыз. Ортағасырлық сәулетшілердің қолымен жасалған Айша бибі, Бабаджа Хатун, Қарахан және Дәуітбек кесенелері мен әр кезең шеберлері тұрғызған Әбдіқадыр мешіті, Үшарал (Абдулла Ишан) мешіті, Нәмбетай және Қарақожа мешіттері, Шоқай Датқа кесенесі секілді сәулет өнерінің үздік нұсқаларымен таныс боласыздар. Аталған тарихи мұралардың бәрі қайтадан жаңғыртылып, көпшіліктің көзайымына айналып отыр. Тарихи-мәдени мұраларымыз жайлы заманауи техникалық құралдарды пайдалана отырып, 5 тілде (қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай) QR-код арқылы келушілер ақпарат ала алады.

Қазақстанның бай тарихи-мәдени мұралары өркениетті қоғамның негізін қалаушы белгісі болып табылатыны сөзсіз. Біз тарихи-мәдени мұраларымызды зерттейміз, қалпына келтіреміз және ұрпақтан ұрпаққа қаз қалпында сақтап, Қазақстанның тұрғындары мен бүкіл әлемнің туристері үшін қолжетімді етіп жасаймыз.

Құрметпен, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени

қорық-музейінің директоры Н.Бықыбаев

ДИРЕКТОР

Нұржан Мергенбайұлы Мергенбай

Туған күні (күнi, айы, жылы): 23наурыз, 1987 жыл.
Туған жерi: Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы
Бiлiмi: Жоғары
Мамандығы: Журналистика, Құқықтану

Еңбек жолы:

             Еңбек жолын 2008 жылы БАҚ саласында бастаған. Ұзақ жылдар бойы жергілікті және республикалық БАҚ-та қызмет атқарып, кәсіби тәжірибесін шыңдады. Соңғы жылдары «Qazcontent» АҚ құрылымында қызмет еткен.

             2025 жылғы 1 сәуірден бастап «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК директорының орынбасары – директордың міндетін уақытша атқарушы қызметін атқарды.

             2025 жылғы  20  қазан  айынан  бастап  музей-қорықтың   директоры    қызметіне      тағайындалды.