The State historical and cultural museum-reserve

«Yezhelgi Taraz eskertkishteri»

Home / News

News

            «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік  тарихи-мәдени  музей-қорығының   «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Цифрлық маркетинг» мамандығының 1 курс студенттеріне «Бөріқазған тұрағы: Қазақстанның көне тарихын зерттеудегі рөлі» тақырыбында танымдық дәріс өткізді.

Дәріс барысында студенттер:
       Ежелгі Бөріқазған тұрағынан табылған археологиялық олжалармен,
       Олардың тарихи-мәдени маңызы және өңір өркениетіндегі орны,
       Қазақстанның ең алғашқы қоныстарының бірі ретіндегі ғылыми деректермен кеңінен танысты.

             Бұл кездесу жастардың туған жер тарихына деген қызығушылығын арттырып, археология әлеміне жаңа көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді.
         Осындай танымдық сабақтар жас ұрпақтың тарихи  санасын  көтеріп,   мәдени-рухани құндылықтарды бағалауына үлкен ықпал етеді.

             Ежелгі  Тараз  ескерткіштері    тарихи-мәдени   музей-қорық  қызметкерлері  арасында   «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғам талабы» атты жиын өтті. Шараның мақсаты – қоғамдағы әділдік пен ашықтық қағидаттарын нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызмет мәдениетін арттыру. Кездесуге ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Нурханова Таңшолпан Бақытәліқызы арнайы шақырылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, құқықтық нормалар және қоғам мен ұйымдар деңгейінде алдын алу шаралары туралы кең көлемде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиын барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасып, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастырудың маңызы жөнінде талқылады.
              Әділдік. Ашықтық. Жауапкершілік.
              Бұл — қоғам дамуы мен болашағы үшін маңызды бағыт.
 
 

                «Ежелгі Тараз ескерткіштері»  тарихи-мәдени  музей-қорығы   ғылыми   қызмет   және    ескерткіштерді қорғау бөлімінің тарихшысы Ақерке Ерғабылқызы №10 мектептің 8 «Б» сыныбы оқушыларына «Оххум қалашығы – ұмытылған өркениеттің іздері» тақырыбында танымдық дәріс өткізді.

         Сабақ барысында оқушыларға:
                 Тарихи деректер мен археологиялық зерттеулер нәтижелері
                 Оххум қалашығының құрылысы, мәдени қабаттары және ежелгі тұрмыс ерекшеліктері
                 Табылған артефактілердің тарихи маңызы
                 Жетісу және Талас өңірінің  өркениет  тарихындағы  орны  туралы  мазмұнды    ақпарат   ұсынылды.
              Оқушылар қызығушылық танытып, сұрақтар  қойып,  тарихи  жәдігерлер  жайлы  тың  мәліметтер алды. Бұл бағыттағы танымдық сабақтар өскелең ұрпаққа туған өлке тарихын терең тануға, ұлттық мәдени мұраға құрметпен қарауға үлкен ықпал етеді.

 

          Тәуелсіз Қазақстанның төл валютасы — Теңге күніне арналған арнайы шығарылым аясында Жамбыл телеарнасының «Рауан» бағдарламасына «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының өкілдері арнайы қатысты.

          Бағдарлама қонақтары: Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау бөлімінің кіші ғылыми қызметкері — Гүлмарал Үшкемпірқызы, ,бөлімнің тарихшысы — Ұлжан Қаныбекқызы.

          Тікелей эфир барысында мамандар Көне Тараз қалашығынан табылған құнды жәдігерлерді, сауда-экономикалық байланыстар мен ақша айналымының даму тарихын, ортағасырлық Тараздың өркениеттік маңызын терең талдап, көрермендерге мазмұнды ақпарат ұсынды.

 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «ЕЖЕЛГІ ТАРАЗ ЕСКЕРТКІШТЕРІ» (@ezhelgitaraz_muzei)

            Ұлттық валюта күніне орай, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері «Бақытты болашақ» оқушылар сарайында оқушыларына «Ұлттық теңге – мемлекет мерейі» атты жылжымалы көрме жасақтады. Жылжымалы көрме барысында оқушылар назарына VII ғ. Таң әулетінің импорттық қытай монеталары, Қарахан әулетінің (Х-ХІІ ғғ.) монеталары, Түргеш қағанатының монеталары ұсынылды.
            Айта кетейік, Тараз қалашығында археологиялық қазба жұмыстарының барысында ортағасырлық монеталардың үлкен коллекциясы табылды. Бүгінгі күні «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қорына Орталық Азия аймағындағы саяси, тауар-ақша және мәдени байланыстардың даму тарихын көрсететін бірегей нумизматикалық жәдігерлерден тұратын 1800-ден астам монета мен олардың фрагменттері алынды. 2015 жылы археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде көмбе табылды, ол 183 дана ортағасырлық мыс монеталарынан тұрады. Тараз – Ұлы Жібек жолының керуен жолдарының қиылысында орналасқан ежелгі қала. «Саудагерлер қаласы» – Тараз деген атпен бұл орталық түргештердің орталығы, содан кейін қарлұқ пен қараханидтер өмір сүрген, онда ғасырлар бойы жоғарғы билеушілердің атынан монета шығаратын сарайлар болған. Монеталардың көп бөлігі мыстан жасалған, яғни мыс монетасын ежелгі Тараз қалашығында саудагерлер мен тұрғындар өзара сауда-саттықта пайдаланған. Сонымен қатар, ортағасырлық күміс монеталарды ірі мемлекеттермен сауда қарым-қатынас кезінде пайдаланған.
 
 

Page 3 of 199