Ежелгі Тараз

News

Latest news about museum life and cultural events

Interview on the "Asyl Kazyna" Radio Program News
11.06.2025

Interview on the "Asyl Kazyna" Radio Program

      Ежелгі Тараз ескерткіштері музей-қорығының тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы “Асыл қазына” радиохабарының қонағы болды!       Сұхбат барысында Ақдидар Жәнібекқызы ортағасырлық Меркі қалашығының бай тарихына терең тоқталды:     1. Меркі қалашығының тарихи маңызы – Жібек жолының маңызды бекініс нүктесі ретінде сауда мен мәдени байланыстардың дамуына зор үлес қосқан.     2. Археологиялық қазбалар нәтижесі – Қалашықтан табылған қыш ыдыстар, құрылыс іздері және тұрмысты...

Learn more
Information Boards in 3D Format Have Been Updated News
10.06.2025

Information Boards in 3D Format Have Been Updated

      Құрметті достар!        Тараздың ежелгі мұраларына сапарлауға дайынсыз ба? Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени музей қорығына қарасты нысандарда заманауи 3D үлгісіндегі ақпараттық тақтайшалар жаңартылды!        Енді сіз кесенелердің аңыздарын QR-код арқылы көре аласыз.  Сонымен қатар, әр нысанның нақты жол картасын QR-кодпен оңай жүктеп алуға болады.        Саяхаттарыңыз сәтті болсын! Тараздың тарихы мен мәдениеті әрқашан қымбат!  

Learn more
Monitoring of Monuments News
05.06.2025

Monitoring of Monuments

        Бүгін Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени музей-қорығының “Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау бөлімінің” тарихшысы Улжан Қаныбекқызы Айша бибі кесенесі мен Бабаджахатун кесенесіне мониторинг жүргізді.        Алдағы уақытта жүргізілген мониторингтің нәтижелері бойынша есеп дайындалатын болады.        Біздің мәдени мұрамыз – тарихымыздың айнасы!  

Learn more
Today Is State Symbols Day! News
04.06.2025

Today Is State Symbols Day!

        Құрметті отандастар!         Бүгінгі Рәміздер күні – халқымыздың рухын, бірлігін айқындайтын, тәуелсіздігіміздің ең маңызды нышандарын ардақтайтын мереке! Қазақстанның көк байрағы, еңселі елтаңбасы мен жүректі тебірентер әнұраны – әрқайсымыздың мақтанышы. Осы қасиетті рәміздеріміздің мәртебесі биік, елдік бірлігіміз нығайып, болашағымыз баянды болғай!         Рәміздер күні құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!  

Learn more
Interview for the Qazaq Quest Project on YouTube News
02.06.2025

Interview for the Qazaq Quest Project on YouTube

        Бүгін Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсоводы Фариза Жұмағұлова Тұңғыш Президент Қорының YouTube арнасындағы Qazaq Quest жобасына сұхбат беріп, түсірілімге қатысты.          Бұл жобада біздің музей-қорыққа қарасты Айша бибі, Бабаджа хатун, Қарахан баба және Дәуітбек кесенелері таныстырылды.  Әріптесіміз Фаризаға сәттілік тілейміз! Алдағы уақытта жаңа жобаның жарыққа шығуын асыға күтеміз!   

Learn more
Educational Excursion for Children's Day News
01.06.2025

Educational Excursion for Children's Day

         Халықаралық балалар күніне орай «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсоводы Фариза Жұмағұлова Оқушылар сарайының суретшілерімен бірге Көне Тараз археологиялық саябағына танымдық экскурсия жүргізді.          Қор сақтау бөлімінің қызметкерлері оқушыларға көне Тараздан табылған құнды жәдігерлердің маңызын түсіндіріп, олардың тарихымен таныстырды. Балалар ерекше қызығушылықпен тыңдап, көне жәдігерлердің бейнесін қағаз бетіне түсірді.          Іс-шара...

Learn more
An Educational Excursion Was Held for Children's Day News
01.06.2025

An Educational Excursion Was Held for Children's Day

       Балаларды қорғау күніне орай «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының бас қор сақтаушысы Ұлболсын Әлімханова мен «Бақытты болашақ» оқушылар сарайының туристік-өлкетану үйірмесінің жетекшісі Крокошева А.В. Ақыртас архитектуралық-археологиялық кешеніне танымдық экскурсия ұйымдастырды.        Экскурсия барысында жас өлкетанушылар ортағасырлық бірегей сарай кешенінің қирандыларымен танысып, көне аңыздар мен қызықты әңгімелерді тыңдады. Сонымен қатар, визит-орталықтағы...

Learn more
"Otrar Museum Yesterday and Today: Trends in Museum Development and New Opportunities" News
30.05.2025

"Otrar Museum Yesterday and Today: Trends in Museum Development and New Opportunities"

       Бүгін «Отырар музейі кеше және бүгін: музей ісінің даму үдерістері мен жаңа мүмкіндіктері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.        Жиында “Ежелгі Тараз ескерткіштері” тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Гүлмарал Үшкемпірқызы 2014–2017 жылдар аралығында Тараз қаласында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары мен зерттеулері туралы баяндама жасады.        Сондай-ақ, аталған бөлімнің тари...

Learn more
Transferring Institution Documents to the Zhambyl Region State Archive News
30.05.2025

Transferring Institution Documents to the Zhambyl Region State Archive

       Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшылары — Ұлжан Қанібекқызы мен Ақдидар Жәнібекқызы Жамбыл облысының мемлекеттік архивіне мекеме құжаттарын тапсыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.        Бұл шара — тарихи-мәдени мұраны сақтау және келешек ұрпаққа жеткізу жолындағы маңызды қадам. Архив құжаттары — өткеніміздің айнасы, халқымыздың тарихи жадының ажырамас бөлігі.  

Learn more
In the Future, Kulan Will Be Full of Tourists Like Turkestan! News
27.05.2025

In the Future, Kulan Will Be Full of Tourists Like Turkestan!

        Халықаралық Түркі мәдениеті және мұрасы қорының бастамасымен Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында орналасқан көне Құлан қалашығында музейлендіру жұмыстары қолға алынады. Бұл бастама – Түркі өркениетінің іргелі ошақтарының бірі болып табылатын, ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген құлан қалашығының тарихи келбетін қайта жаңғыртып, халықаралық деңгейде танылуына серпін бермекші.        Аталған бағыттағы алғашқы зерттеу жұмыстарын атқару үшін аймаққа Қазақ бас сәулет-құрылыс...

Learn more
Awards Ceremony for International Museum Day News
23.05.2025

Awards Ceremony for International Museum Day

        Халықаралық музей күні, кәсіби мереке күнге орай, Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директорының міндетін атқарушы Нұржан Мергенбайұлы музей-қорық ұжымын кәсіби мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.         Сондай-ақ, мекемеміздің 21 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі маманы Мерекеев Нұртөре мырза Мәдениет және ақпарат министрлігінің ең жоғары марапаты — “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды!  Бұдан бөлек, ұжымымызды...

Learn more
Lesson Topic – "Medieval Lower Baryskhan Settlement" News
21.05.2025

Lesson Topic – "Medieval Lower Baryskhan Settlement"

     №61 орта мектебінің 7-сынып оқушылары үшін ерекше мазмұнды әрі тағылымы мол дәріс ұйымдастырылды. Сабақтың тақырыбы – “Ортағасырлық төменгі Барысхан қалашығы”.      Дәрісті Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының “Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау” бөлімінің басшысы Ұлжалғас Шаизхан жүргізіп, оқушыларды көне қалашықтың тарихымен, сәулеттік ерекшеліктерімен және мәдени маңызымен тереңірек таныстырды.      Оқушылар туған өлкенің тарихи-мәдени мұ...

Learn more