«Шоқай Датқа кесенесі: архитектуралық ерекшеліктері мен тарихи мәні» тақырыбында мазмұнды дәріс
05.11.2025
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Туристік бизнес» мамандығының 1 курс студенттеріне «Шоқай Датқа кесенесі: архитектуралық ерекшеліктері мен тарихи мәні» тақырыбында мазмұнды дәріс өткізді.
Дәріс барысында студенттер тарихи ескерткіштің құрылымдық ерекшеліктерімен, сәулеттік шешімдерімен және оның өңір тарихындағы маңызымен танысты.


