«Тараз: мыңжылдықтар мұрасы» атты танымдық көрме
07.04.2026
№ 61 орта мектептің оқушыларына арналған «Тараз: мыңжылдықтар мұрасы» атты танымдық көрме ұйымдастырылды. Көрменің басты мақсаты – оқушыларды Тараз қаласының көне тарихымен, археологиялық зерттеулер барысында табылған құнды жәдігерлермен таныстыру, тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыру.
Көрмеде Тараз өңірінде жүргізілген археологиялық қазбалар нәтижесінде табылған тұрмыстық бұйымдар, керамикалық ыдыстар мен тарихи артефактілер туралы мәліметтер ұсынылды.
