Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

“Taрих Live” атты жаңа мәдени-танымдық жобасы

16.04.2026
 “Taрих Live” атты жаңа мәдени-танымдық жобасы
Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерді кеңінен насихаттау мақсатында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған “Taрих Live” атты жаңа мәдени-танымдық жобаны алғаш рет жүзеге асыруда. Бұл жоба – көне шаһардың бай тарихи мұрасын дәріптеуге бағытталған маңызды мәдени бастама
 
Жоба аясында белсенділік танытып, қолдау көрсеткен Жамбыл телерадиосы тілшісі, Қазақстан Журналистер одағы мүшесі, көптеген байқаулардың жеңімпазы Бораштегі Лаура Әбдіқадырқызы “Таразым – тарихым” атты өлеңі үшін алғыс білдіреміз!
 
Жобаның басты мақсаты:
– көне Тараздың тарихи-мәдени мұрасын кеңінен таныту
– тұрғындар мен қала қонақтарының мәдени-танымдық деңгейін арттыру
– ұлттық құндылықтарды насихаттау.
Тараз – тарихтың тірі куәсі. Ал “Taрих Live” – сол тарихты сезінудің жаңа мүмкіндігі
 
Бөлісу: