








«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Цифрлық маркетинг» мамандығының 1 курс студенттеріне «Бөріқазған тұрағы: Қазақстанның көне тарихын зерттеудегі рөлі» тақырыбында танымдық дәріс өткізді.
Дәріс барысында студенттер:
Ежелгі Бөріқазған тұрағынан табылған археологиялық олжалармен,
Олардың тарихи-мәдени маңызы және өңір өркениетіндегі орны,
Қазақстанның ең алғашқы қоныстарының бірі ретіндегі ғылыми деректермен кеңінен танысты.
Бұл кездесу жастардың туған жер тарихына деген қызығушылығын арттырып, археология әлеміне жаңа көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Осындай танымдық сабақтар жас ұрпақтың тарихи санасын көтеріп, мәдени-рухани құндылықтарды бағалауына үлкен ықпал етеді.





Page 2 of 198
26 Nov 2025
78