The State historical and cultural museum-reserve

«Yezhelgi Taraz eskertkishteri»

Home / News

News

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкері Мадина Ибадильдаева «Жамбыл» радиосының FM 100,8 әуе толқынында «Киелі Талас қойнауындағы Қарақожа мешіті» тақырыбында сұхбат берді.

 

 

    «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері №11 орта мектебінің оқушыларына «Келешектің тұтқасы – білімді ұрпақтар» тақырыбында жылжымалы көрме жасақтады. Ескерткіштердің құндылығын әрі мән-мағынасын музей-қорық мамандары айтып түсіндірді.
     Ең алдымен көне дәуірлердің естелігі, үлкен руханият орталығы болған, екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз шаһарының тарихына тоқталып өтті. Содан соң музей-қорыққа қарасты Республикалық маңызы бар 30 тарихи-мәдени ескерткіштерінің қайталанбас тарихымен, кесенелерге қатысты әртүрлі аңыз, әңгімелермен таныстырды. Сондай-ақ, оқушылар назарына археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер ұсынылды. Жылжымалы көрмеге Қарахан мемлекеті тұсында жасалған қыш ыдыстар, құмыра, қазандар, сұйықтық сақтауға арналған сынапкөзелер, қоладан құйылған шырағдандар, су құбырлары, жасыл, ақ, қоңыр түсті табақшалар, тиындар жиынтығы және сиясауыт сынды көптеген жәдігерлер қойылды. Іс-шара соңында мектеп ұстаздары мен оқушылары музей-қорық қызметкерлеріне алғысын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.
 
   
 
  
 
 
 

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының кіші ғылыми қызметкері Гүлмарал Үшкемпірқызы «Жамбыл» радиосының FM 100,8 әуе толқынында сұхбат берді. Сұхбат барысында Бабаджа хатун кесенесінің тарихы мен зерттелуі жайлы айтылды.

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының тарихшысы Ақдидар Карибекова «Жамбыл» радиосының FM 100,8 әуе толқынында сұхбат берді. Сұхбат барысында Ақыртас кешенің зерттелуі жайлы айтылды.

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының тарихшысы Гүлмарал Үшкемпірқызы «Жамбыл» радиосының FM 100,8 әуе толқынында сұхбат берді. Сұхбат барысында ЮНЕСКО-ның тізіміне енген 5 ескерткіш жайлы мәліметтермен бөлісті.

Page 37 of 199