The State historical and cultural museum-reserve

«Yezhelgi Taraz eskertkishteri»

Home / News

News

15 қараша – Ұлттық валюта күніне орай, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Марал Үшкемпірқызы мен Ақдидар Жәнібекқызы «JAMBYL TV» телеарнасының «RAUAN» атты таңғы бағдарламасына тікелей эфирде сұхбат берді. Сұхбат барысында музей-қорықтың қорында сақталған нумизматикалық жәдігерлер көрермендер назарына ұсынылды. Атап айтсақ, VII ғ. Таң әулетінің импорттық қытай монеталары, Қарахан әулетінің (Х-ХІІ ғғ.) монеталары, Түргеш қағанатының монеталары көрсетілді.

Возможно, это изображение 4 человека, телевизор, отдел новостей и текст

Ағымдағы жылдың 12 қараша күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Алдағы уақытта екі тараптар өзара тиімді ынтымастық шеңберінде тығыз әрі сенімді қарым-қатынас орнатып, бірлескен жобалар мен мәдени іс-шаралар ұйымдастырып, өзара ынтымақтастықты нығайтуды көздейді.Возможно, это изображение 2 человека, люди учатся и текст

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкері Мадина Мананбайқызы «Жамбыл» радиосының FM 100,8 әуе толқынында сұхбат берді. Сұхбат барысында ХІV ғасырда Талас өзенінің оң жағалауында салынған Тектұрмас кесенесі жайында аңыз әңгімелермен бөлісті.

 

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің қызметкерлері М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің білімгерлеріне «Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қалалар»тақырыбында дәріс өткізді.
Дәрістің мақсаты: Өңіріміздегі ғасырлар қойнауынан жеткен халық қазынасы, тарихтың беймәлім сырлары тұнған, ел өмірінің тілсіз куәгері саналатын тарихи-мәдени ескерткіштерді насихаттау. Ұлтымыздың рухани байлығы саналатын құнды да бірегей жәдігерлерді өскелең ұрпаққа дәріптеу.
Дәріс барысында: Музей-қорыққа қарасты Республикалық маңызы бар 30 тарихи-мәдени ескерткіштердің тарихы мен әртүрлі аңыз, әңгімелер айтылды.
   
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің қызметкері Ақдидар Карибекова М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің білімгерлеріне «Ежелгі Тараз ескерткіштерінің құпиялары» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәрістің мақсаты: Өңіріміздегі ғасырлар қойнауынан жеткен халық қазынасы, тарихтың беймәлім сырлары тұнған, ел өмірінің тілсіз куәгері саналатын тарихи-мәдени ескерткіштерді насихаттау. Ұлтымыздың рухани байлығы саналатын құнды да бірегей жәдігерлерді өскелең ұрпаққа дәріптеу.
Дәріс барысында: Музей-қорыққа қарасты Республикалық маңызы бар 30 тарихи-мәдени ескерткіштердің тарихы мен әртүрлі аңыз, әңгімелер айтылды.
   

Page 41 of 199