The State historical and cultural museum-reserve

«Yezhelgi Taraz eskertkishteri»

Home / News

News
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері №11 орта мектебінің оқушыларына «Тараздың көне тарихы» тақырыбында жылжымалы көрме жасақтады.
Ең алдымен көне дәуірлердің естелігі, үлкен руханият орталығы болған, екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз шаһарының тарихына тоқталып өтті. Сондай-ақ, оқушылар назарына археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер ұсынылды. Жылжымалы көрмеге Қарахан мемлекеті тұсында жасалған қыш ыдыстар, құмыра, қазандар, сұйықтық сақтауға арналған сынапкөзелер, қоладан құйылған шырағдандар, су құбырлары, жасыл, ақ, қоңыр түсті табақшалар, тиындар жиынтығы және сиясауыт сынды көптеген жәдігерлер қойылды. Іс-шара соңында мектеп ұстаздары мен оқушылары музей-қорық қызметкерлеріне алғыс білдірді.
   
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау бөлімінің» ұйымдастыруымен И. Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Нұрбек Дүйсебайұлының жетекшілігімен 9 сынып оқушысы Салық Ақниетке «Менің қаламдағы музей» атты ІІІ Республикалық ғылыми жоба байқауының өтуіне орай, таңдаған тақырыбы бойынша әдістемелік көмек көрсетіліп, мекеменің кітаптарынан мәліметтер ұсынылды. Сондай-ақ, жәдігерлерді таныстыру барысында Ұлболсын Хамитқызы қорда сақтаулы тұрған зергер көмбесімен таныстырып, толық мағлұмат берді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің қызметкерлері М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің білімгерлеріне «Ежелгі Тараз ескерткіштерінің құпиялары» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәрістің мақсаты: Өңіріміздегі ғасырлар қойнауынан жеткен халық қазынасы, тарихтың беймәлім сырлары тұнған, ел өмірінің тілсіз куәгері саналатын тарихи-мәдени ескерткіштерді насихаттау. Ұлтымыздың рухани байлығы саналатын құнды да бірегей жәдігерлерді өскелең ұрпаққа дәріптеу.
Дәріс барысында: Музей-қорыққа қарасты Республикалық маңызы бар 30 тарихи-мәдени ескерткіштердің тарихы мен әртүрлі аңыз, әңгімелер айтылды.
   
Мүгедектігі бар адамдардың мәдениет пен өнерге деген ерекше қызығушылығын ескере отырып Мәдениет және ақпарат министрі А. Балаеваның бастамасымен атаулы күнге орай Мәдениет комитеті «Шекарасыз мәдениет» акциясын жариялады. Акция шеңберінде «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығы қызметкерлері Жамбыл облысының білім басқармасының №3 «Мейірім» арнайы мектеп интернатына жылжымалы көрме жасақтады.
Жылжымалы көрме барысында археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер ұсынылды. Сонымен қатар жылжымалы көрмеге Қарахан мемлекеті тұсында жасалған қыш ыдыстар, құмыра, қазандар, сұйықтық сақтауға арналған сынапкөзелер, қоладан құйылған шырағдандар, су құбырлары, жасыл, ақ, қоңыр түсті табақшалар, тиындар жиынтығы және сиясауыт сынды көптеген жәдігерлер қойылды. Іс-шара соңында мектеп ұстаздары мен оқушылар музей-қорық қызметкерлеріне алғысын білдірді.
   
Page 45 of 199