Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

Жазғы демалыс лагерінде жүрген оқушыларға экскурсия жүргізді

17.06.2021
Жазғы демалыс лагерінде жүрген оқушыларға экскурсия жүргізді

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері «Көне Тараз» археологиялық саябағында №49 мектеп - гимназиясының жазғы демалыс лагерінде жүрген оқушыларға экскурсия жүргізді. Оқушылар экскурсия барысында тарихи – мәдени мұраларымызбен, ежелгі Тараз шаһарының тарихымен танысты. Жазғы демалыста өскелең ұрпақтың осындай тарихи нысандарда жүруі болашаққа деген сенімімізді арттырады.

Share: