«ТАРИХИ ТАРАЗ» КІТАБЫ СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ
21.02.2025
Тараз қаласында 2014–2017 жылдар аралығында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары туралы жазылған «Тарихи Тараз» кітабының алғашқы томы «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» ұжымына тапсырылды. Құнды еңбекті «Казархеология» ЖШС директоры Жұман Смаилов бастаған зерттеу тобы сыйға берді.
Кітапта Қарахан дәуірінің сәулет өнері жан-жақты зерттеліп, ғылыми негізде сипатталған. Сонымен қатар, Х–ХІІ ғасырларға жататын Қарахан, Айша бибі, Бабаджа хатун және Дәуітбек кесенелері туралы тың мәліметтер беріліпті.
Бұл – Тараз ескерткіштерінің бай тарихын тереңірек тануға мүмкіндік беретін ғылыми еңбек. Тарихшылар мен археологтарға, мәдениеттанушылар мен көне жәдігерлерге қызығушығы бар күллі оқырманға пайдалы кітап деп айтуға әбден болады.
