«Өрнек пен өркениет: мәдени сабақтастықтың археологиялық көрінісі» тақырыбында танымдық сабақ
13.11.2025
Тарихтың тереңіне үңіліп, өрнектердің үнін тыңдап көрдіңіз бе?
Әрбір сызық пен таңба — бабаларымыздың әлемге қалдырған ізі.
"Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени музей-қорығының "Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау" бөлімінің тарихшысы Ақерке Ерғабылқызы №125 мектептің 8 «Ә» сыныбына «Өрнек пен өркениет: мәдени сабақтастықтың археологиялық көрінісі» тақырыбында танымдық сабақ өткізді.
Оқушылар археологиялық деректер арқылы мәдени сабақтастықтың маңызын танып, өткен мен бүгінді байланыстыратын рухани көпірдің мәнін ұғынды.

