Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ұйымдастыруымен «Музей-тарих айнасы: қазіргі музей ісінің мәселелері және мүмкіндіктері» 13.12.2024

12.12.2024
Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ұйымдастыруымен «Музей-тарих айнасы: қазіргі музей  ісінің мәселелері және мүмкіндіктері»  13.12.2024

Ағымдағы жылдың 13 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетіне қарасты «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ұйымдастыруымен «Музей-тарих айнасы: қазіргі музей ісінің мәселелері және мүмкіндіктері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті. Конференцияға «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар, ғылыми қызметкер Мадина Мананбайқызы «Тектұрмас кесенесі» тақырыбында баяндама оқыды.

Share: