Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

Мойынқұм ауданының мектеп оқушыларына экскурсия жүргізілді

31.08.2022
Мойынқұм ауданының мектеп оқушыларына экскурсия жүргізілді

Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданының мектеп оқушылары «Туған елге тағзым» патриоттық жобасы аясында Тараз жеріне келді. Танымдық экскурсия кезінде оқушылар аймақтың тарихымен танысты.

Оқушылар әсемдігімен тіпті шет елдік сәулетшілерді таңдандырған Қарахан, Даутбек кесенелері, Тектұрмас, Мамбет батыр кесенелерін аралады. Айша бибі мен оның күтушісі Бабаджа-Хатун кесенесі оқушыларға ерекше сәулетімен ғана емес, әдемі аңызымен де еліктірсе, «Қазақ хандығына 550 жыл» монументі оқушыларды тарихы таңғалдырды.

Share: