Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

Қарахан кесенесінің тарихы мен аңызы таныстырылды

13.05.2021
Қарахан кесенесінің тарихы мен аңызы таныстырылды

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл политехникалық жоғары колледжі», «Сәулет және жерге орналастыру» бөлімінің, «Туризм» мамандығының 2-курс білімгерлері ҚР Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінде өндірістік іс-тәжірибеден өтуде. Іс - тәжірибе барысында білімгерлерге қорық-музейге қарасты нысандарының бірі – Қарахан кесенесінің тарихы мен аңызы, құрылымы таныстырылды.

Share: