Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

«Антикоррупциялық мәдениет және парасаттылық» 22.12.23

21.12.2023
«Антикоррупциялық мәдениет және парасаттылық» 22.12.23

Ағымдағы жылдың 22 желтоқсан күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-ның ұжымына комплаенс офицері Дастан Сейітбекұлы Тапелов «Антикоррупциялық мәдениет және парасаттылық» тақырыбындағы дәрістің мақсатын, міндетін ашып айтып сөз сөйледі. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-ның директордың орынбасары м.а. Сара Құрманова дүниедегі ең алғаш коррупцияның пайда болу жайы тарихын айтып, белгілері мен типтері, алдын алу жайында қысқаша баяндады. Аталмыш жиналыстың басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққы қарсы мәдениетті қалыптастыру, мекемедегі сыбайлас жемқорлық қатерлерін жою бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

Share: