Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости

Новости

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты халықаралық маңызы бар Құлан қалашығының ақпараттық стендттері жаңа мәліметтермен толықтырылды.

 

 

Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорықтың «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің қызметкерлері музей-қорыққа қарасты нысандарды насихаттау мақсатында «Бір сурет – бір мағына» тақырыбында көркемсурет мүшәйрасын өткізді. Көркемсурет мүшәйрасында Тараз қаласындағы жас суретшілер Республикалық маңызы бар ескерткіштердің тізіміндегі «Қарахан» кесенесінің кескіндемесін қағаз беттеріне түсірді. Іс-шараның соңында жас суретшілерге құттықтау рәсімі өтті. Құттықтау барысында бірінші дәрежелі дипломды – Қалмақан Арайлым Ғалымжанқызы, екінші дәрежелі дипломды – Асқарбек Каусар, үшінші дәрежелі дипломды – Қанатбек Аруна, Нұрмаханқызы Мерей иеленді. Сонымен қатар жас суретшілерге музей-қорыққа қарасты нысандарға тегін кіру сертификаттары табысталды.

 

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің қызметкерлері М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің білімгерлеріне «Ежелгі Тараз ескерткіштерінің құпиялары» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәрістің мақсаты: Өңіріміздегі ғасырлар қойнауынан жеткен халық қазынасы, тарихтың беймәлім сырлары тұнған, ел өмірінің тілсіз куәгері саналатын тарихи-мәдени ескерткіштерді насихаттау. Ұлтымыздың рухани байлығы саналатын құнды да бірегей жәдігерлерді өскелең ұрпаққа дәріптеу.
Дәріс барысында: Музей-қорыққа қарасты Республикалық маңызы бар 30 тарихи-мәдени ескерткіштердің тарихы мен әртүрлі аңыз, әңгімелер айтылды.
 
2024 жылдың 23-24 қыркүйек күндері өткізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің 10 жылдығына орай II «Қазақстан музей конгресі» Халықаралық кешенді іс-шарасы басталды.
Конгресс 2024 жылдың 23-24 қыркүйек күндері өткізіледі. Конгреске отандық және шетелдік музей ісі саласының мамандары, соның ішінде Иран, Қытай, Ресей, Түркия, Мажарстан, Армения, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстан музейлері мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары мен қызметкерлері қатысуда.
Бүгінгі Халықаралық конгреске «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлкеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-ның «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің ғылыми қызметкері Жаннур Бегалиевна Мусабаева музей-қорыққа қарасты республикалық маңызы бар ескерткіштеріне ғылыми мақала жазып, ZOOM бағдарламасымен онлайн қатысты.
Конгрес соңында іс-шараға қатысқан тыңдаушыларға сертификат табысталатын болады.
   

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесе отырып «Сыбайлас жемқорлық – өмірлік мәселе» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Аталмыш жиынға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Нурханова Таңшолпан Бақытәліқызы қатысты. Жиын барысында комплаенс қызметінің маңыздылығы, қатысушылардың негізгі міндеттерінің бірі – құқық бұзушылықтардың алдын алу және ұжымның іскерлік беделін қорғау болып табылатындығы айтылып, қызметтерін адал атқаруға шақырылды.