«Бір сурет – бір мағына» тақырыбында көркемсурет мүшәйрасы
Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорықтың «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің қызметкерлері музей-қорыққа қарасты нысандарды насихаттау мақсатында «Бір сурет – бір мағына» тақырыбында көркемсурет мүшәйрасын өткізді. Көркемсурет мүшәйрасында Тараз қаласындағы жас суретшілер Республикалық маңызы бар ескерткіштердің тізіміндегі «Қарахан» кесенесінің кескіндемесін қағаз беттеріне түсірді. Іс-шараның соңында жас суретшілерге құттықтау рәсімі өтті. Құттықтау барысында бірінші дәрежелі дипломды – Қалмақан Арайлым Ғалымжанқызы, екінші дәрежелі дипломды – Асқарбек Каусар, үшінші дәрежелі дипломды – Қанатбек Аруна, Нұрмаханқызы Мерей иеленді. Сонымен қатар жас суретшілерге музей-қорыққа қарасты нысандарға тегін кіру сертификаттары табысталды.