Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты «Қарахан» кесенесінде кәсіпорын қызметкерлері өзінің негізгі жұмысымен қатар кесене аумағын толық тазарту, сондай-ақ тас жуу, ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу үстінде.




Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты «Айша бибі — Бабаджа хатун» кесенелерінде, кәсіпорын қызметкерлері тазарту, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу үстінде. «Айша бибі – Бабаджа хатун» кесенелері аймағындағы шөптер орылып, егілген ағаштар мен гүлдерді түрлі жәндіктерден залалсыздандыру, дәрілеу жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, кесенеде сырлау жұмыстары атқарылып, ылғалды тазалау жүргізілді.




Кезекті мониторинг жұмыстары Ақыртас сәулет-археологиялық кешені, Айша бибі кесенесі, Бабаджа Хатун кесенесі, Жікіл қалашығында жалғасуда.




2024 жылдың шілденің алғашқы күндерінде «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Тараз қаласында орналасқан Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің жай-жапсарын білу мақсатында кезекті мониторинг жұмыстарын жүргізді. Тарих және мәдениет ескерткіштердің қатарында: Әбдіқадыр мешіті, Әулие ата (Жүнісбай) мешіті, Қали Жүніс моншасы, Жамбыл Жабаев ескерткіші, Тектұрмас кесенесі, Талас өзенінен өтетін ортағасырлық көпірдің қирандылары және Тараз қалашығы, Қарахан, Дәуітбек кесенелері бар.





18 Июль 2024
955