Жылжымалы көрме ұйымдастырылды
Бүгін Тараз қаласындағы Ю.Гагарин атындағы №29 орта мектебінің жазғы демалыс лагерінде жүрген бастауыш сынып оқушыларына тарихи-мәдени мұраларымызды насихаттау мақсатында ежелгі Тараз қалашығынан табылған құнды жәдігерден жасақталған жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Көрмеге ортағасырлық қыш бұйымдары, қола шырағдан бөліктері, әртүрлі кезеңге жататын монеталар қойылды. Қорық-музейдің қор қызметкерлері әрбір жәдігерлердің ғылыми сипаттамасымен таныстырып, ежелгі Тараз шаһарының тарихынан сыр шертті. Оқушылар өлке тарихына деген қызығушылықтарын арттырып, мектеп мұғалімдері алғыстарын айтты.


09 Jun 2021
1396
16 Nov 2019