The State historical and cultural museum-reserve

«Yezhelgi Taraz eskertkishteri»

Home / News / ЮНЕСКО өкілдері Жамбыл облысында

ЮНЕСКО өкілдері Жамбыл облысында

 

Еуропалық Одақ пен ЮНЕСКО-ның «Ауғанстандағы, Орталық Азиядағы және Ирандағы Жібек жолы мұраларының дәліздері - Еуропалық мәдени мұра жылының халықаралық аспектілері» үшжылдық жобасы аясында ағымдағы жылдың 4-5 наурыз күндері ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы Кластерлік бюросы директоры Криста Пиккат, ЮНЕСКО және Еуропалық Одақтың Жібек жолы бойынша бірлескен жобасының үйлестірушісі Гүлмира Рымбаевалар  екі күндік іс-сапармен Жамбыл облысына табан тіреп,  «Жібек жолы: Чан'ань - Тянь-Шань маршрут желісі» сериялы номинациясына енген Баласағұн (Ақтөбе), Құлан және Өрнек қалашықтарын аралады.

Іс-сапардың екінші күні делегация «Ақыртас» сарай-кешені мен «Қостөбе» қалашықтарының бүгінгі жай-күйімен танысты.