The State historical and cultural museum-reserve

«Yezhelgi Taraz eskertkishteri»

Home / News / Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына іссапар

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына іссапар

          «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК қызметкерлері кәсіби
тәжірибе алмасу мақсатында Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына
іссапармен барды. Іссапар аясында музей ісінің сапасын арттыру және экскурсиялық қызметті дамыту
бағытында бірқатар кәсіби іс-тәжірибелермен танысу жүзеге асырылды. Атап айтқанда, экскурсия жүргізу
әдістемесі, келушілермен тиімді өзара әрекет жасау тәсілдері, тақырыптық экскурсияларды ұйымдастыру
тәжірибесі, сондай-ақ заманауи интерактивті экскурсия форматтары бойынша тәжірибе алмасу жұмыстары
жүргізілді.       
         Бұл іссапар музей саласындағы заманауи талаптарға сай қызмет көрсету мәдениетін жетілдіруге,
сонымен қатар екі мекеме арасындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізді.