Кеше Тараз Мемлекеттік Университетінің ұйымдастыруымен Алтын Орданың 750 жылдығына орай өткен «Талас құрылтайы: тарих пен тағлым» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқан шетелдік тарихшылар,ғалымдар «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты «Көне Тараз» қалашығы, Қарахан және Айша бибі кесенелерін аралады. Көне ескерткіштердегі ескі жазуларды қайта қайта оқып, өзара талқыға салды. Ежелгі қаланың терең тарихына ерекше қызығушылық танытты.
Бүгін Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған «Достықта жоқ шекара» атты халықаралық жастар мәдени жобасына қатысқан Қырғызстан Республикасының бір топ азаматтары «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи – мәдени қорық – музейіне қарасты «Көне тараз» тарихи – мәдени кешені, Тектұрмас, Айша бибі және Қарахан кешендерін аралап, өңірдің екі мың жылдан астам тарихындағы маңызды деректерімен танысты.