Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / Көне Каури бұйымы

Көне Каури бұйымы

Орта Азия мен Қазақстан аумағындағы қазба жұмыстарында кезінде каурилердің көп табылуы да бұл зат әлемнің көптеген халықтарының дәстүрлі әшекейлерінің бірі болғанын білдіреді. Кезінде сақ патшайымдары алтынданған әшекей бұйымдары бола тұрса да каурилерді армандаған екен. Бұған дәлел Үнді мұхиты жағалауларындағы экзотикалық жемістердің сүйектеріне ұқыптап салынған каурилерді археологтар Алтай және Қазақстан жеріндегі әйелдер жерленген қорымдардардан тапқан. Каурилер иесінің өте қымбат заты болғаннан кейін, өздерімен бірге басқа әлемге алып кетуі үшін бірге жерлеген екен. Қалыптасқан атау бойынша каурилерді бақалшақтар немесе ұлу қаңқалары деп атайтын болған.  Бақалшақ — ұлудың белгілі бір бездері судан әкті тарту арқылы түзіледі екен. Ежелгі уақыттарда бақалшақтар бірнеше құрлықты бағындырып, жүзжылдықтарда халықтар тағдырын, экономикаларын басқарды. Ал кейбір елдерде «әйелдерге бақыт әкелетін зат» деп қараған. Мәселен бақалшақтарда «әйелдердің ұрпақ жалғастыруға қабілетін жақсартатын және бедеуліктен қорғайтын сиқырлы күш, тіл-көзден сақтайтын құдірет бар» деп тұмар ретінде тақты.
Әйелдер бақалшақтарды моншақ, білезік ретінде тағып, киімдерді әшекейлеу үшін де қолданған. Бақалшақтар қазба жұмыстары кезінде б.з. І ғасырларынан бастап кездеседі. Ерте замандарда Үнді мұхиты жағалауындағы елдер ақша ретінде де, әшекейлік бұйым ретінде де сәндік үшін қолданған. Каурилер керуен жолдары арқылы әлемнің көптеген елдеріне Орта Азияға, Европа, Африкаға да жеткен. Үнді мұхиты елдері де ақша ретінде пайдаланып, ақша орнына айырбас заты ретінде таратқан. Бағасы түсі мен көлеміне қарай бағаланған.

Әлемде Үнді мұхитынан алынған ақшыл түсті, ұзындықтары 2-3см келетін каурилер ең сапалы каурилер болып есептелген. Суы жылы теңіз жағалауын мекендеген тайпалар айырбас құралы ретiнде теңiзде өмір сүретін қабыршақты бақалшақтар қолданған. Ең көп тарағаны ақшыл сары түстi, үлкендiгi түймедей каури. Әшекей ретiнде жiпке тiзген каури Үндiстанда, Қытайда, сол сияқты Африканың Шығыс жағалауында және Цейлон мен Филиппин аралдарында да ақша ретiнде жүрген.

Кезінде осыншалықты халықтың зор беделіне бөленген бақалшақтар Үнді және Тынық мұхитының таяз суларында мекендейтін кішкентай тіршілік иесі екен.  Кішкентай моллюскілердің бақалшықтарынан меруерт және оның бір түрі — інжу өндірледі. Бақалшақтардың қорланып шоғырлануынан көптеген шөгінді тау жыныстары түзіледі. Білетініміз, шет елден тасымалданған ең асыл зат ретінде өткен ғасырларда адамдар өз қажетіліктеріне пайдаланғаны және болашақта да, көрерменнің көзайымына айналып, көпшілікті таңқалдырар құнды жәдігерлердің бірі болып қалатыны анық.

Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Тараз деп аталатын ортағасырлық қала орындарындағы қазба жұмыстары кезінде сауда керуендері арқылы басқа құрлықтардан тасымалданған  көптеген әшекей бұйымдардың табылуы. Соның ішіндегі ерекшесі жоғарыда айтып өтілгендей  каури әшекейі. Қала орындарынан алынған олжалар Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени қорық музейінің  жәдігерлер қорында сақтаулы.

Табылған әшекейлік бұйымдар сол кезеңдегі әйелдердің әсемдікке құштарлығын көрсетіп, діни-магиялық негізі себептерінің де болғанын байқаймыз.

Жалпылама барлық бақалшақтардың пішіндері сопақшалау және іштері қуыс болып келеді. Кейбір түрінің бір беті сопақша саңылауы болып, екінші бетіндегі көрінісі адам анатомиясындағы ерін тәрізденіп қусырыла кішкене иректелген.

Қарапайым тілде түсіндірсек, әдетте іші қуыс, бос болады, яғни өліп қалған кейбір теңіз жануарларының бұрынғы «үйшігі» деп түсінген дұрыс. Дей тұрғанмен, ұлулар орманды алқаптарда да, өзендерде де кездесетінін білгілі. «Сонда оларды құрлықтардан да жинай береміз бе» деп ойланып қалуымыз да ғажап емес. Біздің қолдағы каурилерді «ұлу» деп аталатын /былқылдақ денелілер/теңіз жануары түзген. Олар жұмсақ терілерін қорғайтын қалқандарда (бақалшық) өмір сүреді.
Бақалшақты «ұлудың қаңқасы» немесе «жануардың бір бөлігі» деп айтуға болады, яғни, ұлу оған денесімен бекіп орналасқан. Былқылдақ денелілер «үйлерін» ешқашан тастап кетпейді.

Түстері фарфор тәрізді немесе ақшыл-сары бақалшақтар «жылан басы» деген лақап атымен белгілі. Барлық бақалшақтардың түстері ақшыл фарфор тәрізденіп жылтыр болып келеді.