Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / Көне шаһардағы мың бір түн

Көне шаһардағы мың бір түн

«Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы және «Музейлер шеруі» республикалық акциясы аясында 2019 жылдың қазан айының 18 –ші жұлдызынан 19- шы жұлдызына қараған түні Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің мемлекеттік «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде «Көне шаһардағы мың бір түн» атты «Музей түні» театрландырылған қойылым іс-шарасы өтті.

Іс шараны кіріс сөзімен ашқан «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі директоры Бықыбаев Нұрлан Дүйсенәліұлы аталмыш іс-шараның келушілерге терең тарихтан тағылым беруде маңызы зор екенін айта келіп, халықты белсенді қатысуға шақырды. Жиында Жамбыл облыстық Қазақ драма театрының директоры Болат Бекжанов, облыстық Ардагерлер Кеңесінің мүшесі Сайлаухан Ашанов, «Ордабасы» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының қызметкері Бақытбек Қасымов, «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкері Қуаныш Нұрмақсұтовтар осындай іс-шаралардың тек жас ұрпаққа ғана емес, жалпы қоғамға ұлттық тарихымызды терең танып, отансүйгіштік рухының асқақтауына зор үлес қосатынын айтып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

«Музей түні» бағдарламасына сәйкес келушілер «көпестер мен қолөнершілер қаласының" тарихи атмосферасына үңіліп, батыр Қарахан мен сұлу Айша бибі тарихының куәгері болып, музей кеңістігіндегі тарихи тұлғалардың жанданған бейнелерімен бір қатарда жүріп, түрлі-түсті инсталляция аясында естелік фотоға түсіп, бір сәт тарих қойнауына сүңгуге мүмкіндік алды. Бұл мәдени шараға 3000-нан астам қала тұрғындары мен қонақтары қатысты, іс – шара әрбір келушінің ұмытылмас сәттерін басынан өткеріп, туған өлке тарихын тереңірек білуге деген қызығушылықтарын арттыруға септігін тигізді. «Музей түні» барысында іс-шараға белсенді қатысушыларға «Алғыс хаттар» мен бағалы сыйлықтар табысталды.