«МҰРА АРҚЫЛЫ БАЙЛАНЫС»: МУЗЕЙ-ҚОРЫҚТАР АРАСЫНДАҒЫ NETWORKING
19.08.2026
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Қазақстан музей-қорықтарының басшылары мен жетекші мамандары бас қосты.
Жиынның мақсаты — кәсіби байланысты нығайту, тарихи-мәдени мұраны сақтау мен танытудағы тәжірибені бөлісу, музей ісін дамытудың жаңа тәсілдерін талқылау және ортақ жобаларға жол ашу.
Бағдарламада ескерткіштерді қорғау, археологиялық зерттеулер, музей қызметін цифрландыру, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану және заманауи экспозициялар құру мәселелері қарастырылды. Тарих, археология, музей ісі және мәдени мұраны қорғау саласының мамандары өз тәжірибелері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Іс-шара Тараздың тарихи-мәдени нысандарына экскурсиямен қорытындыланды. Қатысушылар Қарахан, Дәуітбек, Айша бибі, Бабаджа Хатун, Тектұрмас кесенелері мен Ақыртас сәулет-археологиялық кешенін аралап, олардың тарихы мен ерекшеліктерімен танысты.





