Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

«Меркі қалашығының археологиялық зерттелуі» тақырыбында мазмұнды дәріс

17.02.2026
«Меркі қалашығының археологиялық зерттелуі» тақырыбында мазмұнды дәріс

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің «Құқықтану» мамандығының 1 курс студенттерімен кездесу өткізіп, «Меркі қалашығының археологиялық зерттелуі» тақырыбында мазмұнды дәріс оқыды.

Дәріс барысында көне Меркі қалашығының зерттелу тарихы, алғашқы археологиялық барлау жұмыстары, ортағасырлық кезеңдегі қаланың құрылымдық жүйесі, табылған археологиялық олжалар мен олардың тарихи маңызы кеңінен баяндалды. Сондай-ақ, студенттер тарихи мұраны қорғаудың құқықтық негіздері жөнінде сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.

Галерея

Бөлісу: