Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде жылжымалы көрменің салтанатты ашылуы өтті

10.07.2026
Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде  жылжымалы көрменің салтанатты ашылуы өтті
Бүгін Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ұйымдастырған «Тараз – Ұлы Жібек жолының жауһары» атты жылжымалы көрменің салтанатты ашылуы өтті.
 
Көрменің ашылу рәсімінде Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Эльвира Абланова мен «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бас қор сақтаушысы Айдана Жанбосынова сөз сөйлеп, тарихи-мәдени мұраны сақтау мен дәріптеудің маңызын атап өтті.
 
Экспозицияда Түргеш қағанаты, Қарахан мемлекеті, Қоқан хандығы және Қытай мемлекеті кезеңдеріне тиесілі теңгелер, археологиялық қазбалардан табылған қола және қыш бұйымдар, күміс әшекейлер, түрлі тастардан жасалған моншақтар, сондай-ақ Қарахан және Айша бибі кесенелерінің түпнұсқа кірпіштері көпшілік назарына ұсынылды.
 
Бөлісу: