Ақыртас
Ақыртас сарай кешенінің виртуалды туры

Ұлжалғас Шаизханқызы Шаизхан 1995 жылы тамыздың 29 күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Кемербастау ауылында дүниеге келген.
2013–2017 жж. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты «Тарих» мамандығы бойынша білім бакалавры;
2017–2019 жж. М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Гуманитарлық ғылымдар» магистрі дәрежесін тәмәмдаған.
2014–2016 жж. «Тараз» студенттер Альянсы» КҚ атқарушы директорының орынбасары;
2016–2018 жж. «Жас көшбасшылар клубы» қоғамдық бірлестігі төрайымының орынбасары қызметтерін атқарды.
2018–2019 жж. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының тарихшы лауазымына жұмысқа тұрды.
2019–2022 жж. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының кіші ғылыми қызметкері, 2022 жыл тамыз айынан бастап, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау бөлімінің басшысы м. у. а. қызметін атқарса, қазіргі таңда Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау бөлімінің басшысы.
«Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. 1. Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
1. 2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына («Мәдениет туралы», «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы», «Ғылым туралы» Заңдарға) сондай-ақ музей-қорықтың Жарғысына, ішкі нормативтік құжаттарға және осы Ережеге сай басқа да ішкі құжаттарға сәйкес жүзеге асырады.
1. 3. Бөлімнің негізгі мақсаты – тарихи-мәдени мұраны қорғау, зерттеу және сақтау саласындағы ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру.
2. Бөлімнің негізгі міндеттері
2. 1. Тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеу, ғылыми құжаттама әзірлеу.
2. 2. Археологиялық, этнографиялық, тарихи, сәулет және басқа да мәдени мұра объектілерін қорғауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру.
2. 3. Ескерткіштерге жүргізілетін қалпына келтіру, консервация және реставрация жұмыстарына ғылыми бақылау жүргізу.
2. 4. Мәдени мұра ескерткіштерінің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу және аналитикалық есебін әзірлеу.
2. 5. Ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеу және іске асыру, ғылыми мақалалар, есептер мен ұсыныстар дайындау.
2. 6. Тиісті мемлекеттік органдармен, ғылыми мекемелермен және қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттесу.
2. 7. Ескерткіштер бойынша мемлекеттік тіркеу деректерін жаңарту және толықтыру.
2. 8. Ескерткіштерге қатысты жасалған хаттамалар, қорытындылар және тағы басқа құжаттарды толтыру.
2. 9. Музей-қорықтың ғылыми-зерттеу бағыттарын әзірлеу және жүзеге асыру, ғылыми конференциялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру.
2. 10. Кітаптар, буклеттер, плакаттар, жарнама мәтіндері, бағыттамалар, фотоқұжаттар және өзге де жарнама құжаттарына ғылыми анықтама беру.
2. 11. Ғылыми басылымдарды (мақалалар, монографиялар, каталогтар) әзірлеу және жариялау.
2. 12. Мектептер мен ЖОО-лармен ғылыми-ағартушылық жұмыстарды (дәрістер, тақырыптық үйірмелер) ұйымдастыру.
2. 13. Музей-қорық жұмысын насихаттау барысында радио мен теледидарға сұхбат беру.
2. 14. Мектеп оқушылары мен ЖОО-лармен студенттеріне ғылыми-әдістемелік (ғылыми жоба, диплом, магистрлік және докторлық диссертация) көмек көрсету.
2. 15. Бөлімнің жылдық жұмыс жоспары пен орындалу есебін әзірлеу.
3. Бөлімнің құқықтары
3. 1. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына бастамашылық ету және оларды жүзеге асыру.
3. 2. Қызмет бағыты бойынша басқа құрылымдық бөлімдермен өзара іс-қимыл жасау.
3. 3. Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу.
3. 4. Музей-қорықтың басқа құрылымдық бөлімдерімен өзара тығыз байланыста жұмыс жүргізу.
3. 5. Ғылыми мекемелермен, жоғары оқу орындарымен жобаларға қатысу.
3. 6. Архивтерден, кітапханалардан, ғылыми қорлардан, басқа музейлерден зерттеу мақсатында ақпарат сұрату.
3. 7. Ескерткіштердің сақтау режимін бұзу деректері бойынша жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар енгізу.
4. Бөлімнің құрылымы және басқарылуы
4. 1. Бөлімді «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің басшысы басқарады, оны «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры тағайындайды және босатады.
4. 2. Бөлім қызметкерлері бөлім меңгерушісіне бағынады және өзіне жүктелген міндеттерді орындайды.
4. 3. Бөлімнің штаттық саны мекеме басшысының бұйрығымен бекітіледі.
5. Қорытынды ережелер
5. 1. Осы Ереже «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры бұйрығымен бекітіледі.
5. 2. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры ішкі тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің қызметкерлері:
Көне ескерткіштерді 360° форматында үйден шықпай тамашалаңыз