Қарақожа мешіті – Талас өңіріндегі рухани мұра
Талас ауданы аумағында орналасқан Қарақожа мешіті – ХХ ғасырдың басында салынған тарихи-мәдени
ескерткіштердің бірі. Бұл мешіт сол дәуірдегі сәулет өнерінің айқын көрінісі болып саналады.
Ғимарат күйдірілген қыштан тұрғызылып, қазақ даласына тән дәстүрлі мешіт үлгісінде салынған.
Қабырғаларының берік болуы және әлі күнге дейін сақталуы – шеберлердің ұқыптылығы мен құрылыс
өнерін айқындайды.
Қарақожа мешіті – тек сәулет нысаны ғана емес, өткен ғасырдағы елдің діни-рухани өмірінен сыр
шертетін құнды жәдігер. Ол сол кезеңдегі ауыл тұрғындарының басын қосып, имандылыққа тәрбиелеген
орын болған. Бүгінде бұл мешіт – Талас жерінің тарихы мен мәдениетінің айнасы. Оны қорғау, кейінгі
ұрпаққа жеткізу – баршамыздың міндетіміз.
18 Sep 2025
256
16 Nov 2019