Көне Тараздың су құбырлары: Ортағасырлық инженерияның озық үлгісі
Тарих тереңіне бойласақ, Көне Тараз қалашығы тек сауда мен мәдениеттің ғана емес, инженерлік ойдың да орталығы болғанын көреміз. Археологиялық қазбалар нәтижесінде Таразда ортағасырлық су құбырлары жүйесі болғаны анықталды. Бұл – сол дәуірдегі урбанизация мен халықтың өмір сүру сапасының жоғары болғанын дәлелдейді.
Саз балшықтан жасалған құбырлар – жер астымен төселген, диаметрі 10-15 см, ішкі жағы жылтыратылған, су ағысын жеңілдету үшін бір-біріне дәл орналастырылған.
Техникалық ерекшелігі – құбырлар қаланың әр бөлігін сумен қамтамасыз етіп тұрған. Су жүйесі арықтармен, арнайы сүзгі жүйелерімен және шүмектермен толықтырылған.
Су көздері – Талас өзені мен таудан ағатын бұлақтар. Осы табиғи ресурстар қаланың басты су көздері ретінде пайдаланылған.
Бұл су жүйесі тек бай шонжарлардың емес, қарапайым тұрғындардың үйлеріне де жеткені жайлы деректер бар. Бұл өз кезегінде Тараз қаласының дамыған инфрақұрылымын және тұрғындардың гигиеналық мәдениетін көрсетеді.
Көне Тараздың су құбырлары – біздің ата-бабаларымыздың ғылым мен техникада да озат болғанын айғақтайтын асыл мұра.
04 Jul 2025
679
16 Nov 2019