The State historical and cultural museum-reserve

«Yezhelgi Taraz eskertkishteri»

Home / Scientific works / Lectures and video lectures / Көне Тараз – тарихтың алтын көмбесі!

Көне Тараз – тарихтың алтын көмбесі!

       Тарихтың тереңінен сыр шертетін Көне Тараз қалашығынан Қарахан дәуіріне тиесілі керуен сарайдың іргетасы мен алтын әшекей бұйымдар табылды!
Бұл – бабаларымыздың бай өркениеті мен Ұлы Жібек жолы бойындағы мәдени-экономикалық қарым-қатынастарының тағы бір дәлелі.
Керуен сарай – тек сауда орны емес, ол – саяхатшылардың, саудагерлердің, ғалымдар мен елшілердің тоғысқан рухани ордасы.
       Ал табылған нәзік алтын әшекейлер – сол дәуірдің сән-салтанатын, шебер зергерлердің өнерін көз алдымызға әкеледі.
Сен де тарихпен жүздес!
Көне Тараздың әрбір кірпіші, әр тасы – өткеннің үнсіз куәсі. Бүгінгі ұрпақ ретінде осы бай мұраны көзбен көріп, жүрекпен түйсіну – парызымыз.
       Кел, Тараздың алтын ғасырларымен қауыш! Тарихыңды таны, тамырыңды біл!