The State historical and cultural museum-reserve

«Yezhelgi Taraz eskertkishteri»

Home / News

News

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі 2020 жылдың  24 қарашасында ҚР-ның президенті Қ.Ж.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауының аясында «Музей рухани білім беру алаңы» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өткізеді. 

Негізгі тақырыптар (секциялар):

  • 1.Музей педагогикасын дамыту: өзекті мәселелері және оны шешудің жолдары.
  • 2.Музей білім беру кеңістігі ретінде: келушімен жұмыс істеудің инновациялық формалары.
  • 3. Тарихи-мәдени мұраларды сақтауда, насихаттау да еріктілердің рөлі.
  • 4.Музей педагогикасындағы үйірме сабақтарының маңызы: балалармен жұмыс - музей педагогикасының негізі. 

Қатысу формасы:

  1. Онлайн-конференцияға тыңдаушы ретінде қатысу;
  2. Онлайн-конференцияға баяндамашы ретінде қатысу (видеоконференция режимінде);

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс. 

Конференцияға қатысу талабы:

     Конференцияға қатысу үшін өтінішті толтырып оны This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. . электронды мекен-жайына жіберу керек. Қазақ және орыс тілдеріндегі баяндамалар мен мақалаларды және де электронды материалдарды 2020 жылдың 20 қарашасына дейін өтінішпен бірге жіберу қажет.

     2020 жылдың 15 қарашасына дейін  өтініш беруші өз өтінішінің жағдайы туралы хабарландыру алады. Баяндама конференцияға қатысуға жарамды деп табылған жағдайда қатысушыға конференцияны өткізу ретімен бағдарламасы, конференцияға қосылу сілтемесі жіберіледі.

Қосымша ақпаратты конференция ұйымдастырушыларынан алуға болады: Тел: 8(7262) 43-08-26, 8 (702) 697 02 07. 

Мақаланы рәсімдеуге арналған талаптар 

         Жарияланатын материалдар электронды түрде қабылданады. Көлемі –  анықтамалық аппаратты қосқанда 10 беттен аспауы тиіс; баспа және электронды нұсқалар – MS Word мәтіндік редакторда,  RTF, DOC түрінде, қәріп түрі – Times New Roman, 14-кегль, жоларалық өлшем – 1, 15 пт.

Жоғарыдан – 2 см, оң жақтан – 1,5 см, сол жақ пен төменгі жақтан – 2,5 см, қалуға тиіс. Төменгі колонтитулдан - 1,8 см. Азат жол 1 см болуға тиіс (азат жол түрінде орындалатындықтан аралық қолданбауларыңызды сұраймыз).

 1-ші жолда – автордың аты-жөні жазылады. Оң жақтан басталып жартылай қарайтылған әріптермен белгіленеді.

 2-ші жолда – автордың тұрғылықты мекен-жайы жазылады. Оң жақтан басталып қарайтылмаған әріптермен белгіленеді. 

3-ші жолда – автордың е-mail байланысы көрсетіледі. Оң жақтан басталып жартылай қарайтылған әріптермен белгіленеді.

 4-ші жолда – Баяндама тақырыбы бас әріптермен жазылады. Қарайтылған әріптермен бөліне отырып, ортада жазылады.

 Материалдарды рәсімдеу үлгісі  

Әдебиеттерге сілтеме мәтінде аты-жөні, жарық көрген жылы, беттері көрсетіліп жартылай шеңбер түріндегі жақша түрінде беріледі. Мысалы: (Джасыбаев-Төлегенов, 1966,  15 б.). Әдебиеттер тізімі мәтін соңында әліпбилік ретпен рәсімделеді. 

Кесіндер мен суреттер jpeg немесе tiff үлгісінде, 300 dpi көлемінде, электронды түрде ұсынылуға тиіс. Суреттер мен фотоға берілетін жазбалар Word үлгісінде жеке файл арқылы рәсімделеді. 

Ұйымдастыру комитетінің баяндамаларды іріктеу мен редакциялауға қақысы бар. Талапқа сай рәсімделмеген материалдар қаралмайды

 

.

Page 153 of 159