Егемен елімізді бірге өркендетейік!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің жолдауынан халық, өзі күткендей, оң өзгерістер, жаңа лепті сезінді. Жарқын болашағына жол ашатын өзекті мәселелердің барлығы осы мәлімдемеде қамтылды. Қазақстанның бірлігін ойлаған Президентіміз ел болашағы үшін алға қойған мақсаттарын орындайтынына сенімдіміз. Халқымыздың тұтастығы мен бірлігін сақтау және еліміздің көркейіп, өркендеуі үшін қоғамның барлық саласында жүргізілетін реформаларға қолдау көрсетуге дайынбыз.