The State historical and cultural museum-reserve

«Yezhelgi Taraz eskertkishteri»

Home / News / Табысты әрі өркендеген Қазақстанды бірге құрамыз!

Табысты әрі өркендеген Қазақстанды бірге құрамыз!

Жағымды жаңалық пен стратегиялық маңызды игілікті бастамаларға, соны идеяларғы толы Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев үндеуі – халықтың көкейінде жылдар бойы қордаланып жүрген, наразылығын тудырған мәселелерді шешуге арналып, еліміздің экономикасын дамытып, саясаты мен тәуелсіздігін нығайтуға, халқымыздың әл-ауқатын арттырып, материалдық жағдайын жақсартуға бағытталған, елімізді жарқын болашаққа, Қазақстанның жаңа даму кезеңіне бастайтын маңызды құжат.

Ел алдында тұрған үлкен міндеттерді айқындаған бұл үндеу – жаңа дәуірдегі мемлекет тұрақтылығы мен тәуелсіздігінің кепілі. Саяси сыңдарлы диалог пен экономикалық маңызды реформалар қоғамдық гүлдену мен мемлекеттің ертеңіне үлкен үміт ұялатады.