The State historical and cultural museum-reserve

«Yezhelgi Taraz eskertkishteri»

Home / News / Президент экономикалық және саяси реформалар жасалатынын айтты

Президент экономикалық және саяси реформалар жасалатынын айтты

Қаңтар айының басында Қазақстан тап болған оқиғалар еліміздің тұтастығы мен тәуелсіздігіне қауіп төндірген күрделі кезең болды. Осы кезеңде Президенттіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев тиімді шешімдер қабылдап, жағдайды тұрақтандыра алғанының куәсі болдық.

Мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде болған оқиғаларды саралап, бұл дағдарыстан Қазақстанның қуатты әрі күшті мемлекет болып шығатындығына нық сенім білдірді. Мемлекеттік қауіпсіздік мәселесінен бастап, әлеуметтік-экономикалық даму, саяси реформалар кешенін жүзеге асыру бастамасы көтерілді.

Мемлекет басшысы елде әлеуметтік, бизнес, экономика және ұлттық байлықты игеру саласында қалыптасқан, тамыры тереңге кеткен проблемаларды, ашық айтып, қордаланған мәселелерді алдағы уақытта тиісті дәрежеде шешілетінін баса көрсетуі көңілге сенім ұялатады.

Ел алдында тұрған үлкен міндеттерді айқындаған бұл үндеу – жаңа дәуірдегі мемлекет тұрақтылығы мен тәуелсіздігінің кепілі. Саяси сыңдарлы диалог пен экономикалық маңызды реформалар қоғамдық гүлдену мен мемлекеттің ертеңіне үлкен үміт арттырады.

Жаңа мүмкіндіктерге, Жаңа Қазақстанға жол ашатын бұл реформалар халықтың болашаққа деген сенімін нығайта түсері сөзсіз.