Халықаралық конференция өтті
2021 жылы 19 қараша күні өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау, қазақ халқының ұлы перзенті, ақын, айтыскер, сазгер - Жамбыл Жабаевтың175 жылдығына арналған «Ұлы дала ақыны» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Конференция Ж.Жабаевтің 175 жылдығына арналған тақырыптық көрмемен басталды. Конференция қонақтары мен қатысушылары ҚР Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени корық-музейінің тарихи-мәдени жәдігерлерден жасақталған көрмесін тамашалап, көрмеден алған әсерлері жоғары болғанын айтып өтті. Сонымен қатар Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің тарихи-мәдени жәдігерлерден жасақталған көрмесін, Ш.Уалиханов атындағы кітапханасының кітап көрмесін тамашалады. Сонымен қатар, ақынның тарихи шежіресінен сыр шертіп, ел бірлігін жырлаған жыр – дастандарынан топтастырылған «Өлең сөздің дүлдүлі» тақырыбындағы трейлер қойылып, ақынның өмірбаяны мен ел мен жерді қастерлеуге, ұлы отанды сүюге үндейтін шығармалары жайлы баяндалатын арнайы бейнероликті ұсынды.
Конференцияны модератор Жамбыл облысы әкімі Сапарбаев Бердібек Машбекұлы ашып, ҚР Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары – Абаев Дәурен Әскербекұлы Ж.Жабаевтің өмірі жайлы айтып, ҚР Мәдениет және спорт министірі Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызы жыр дүлдүлі – Жамбылдың мұраларына тоқталып өтті.
Қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Тілеухан Бекболат Қанайұлы, журналист, жазушы, филология ғылымдарының докторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қалижан Уалихан, Ж.Жабаевтің шөбересі Жамбылов Мұратхан Әлімханұлы өз баяндамаларын жеткізді.
Конференция соңында «Жамбыл жырау» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.