The State historical and cultural museum-reserve

«Yezhelgi Taraz eskertkishteri»

Home / News / Халықаралық туризм күнімен құттықтаймыз!

Халықаралық туризм күнімен құттықтаймыз!

Қазақстан туризм күнін 1993 жылдан бері тойлап келеді. Сол жылы еліміз Халықаралық Туризм Агенттігінің құрамына кірген болатын. Осы жыл аралығында еліміз туризм саласында көшін түзеп үлгерді. Мемлекеттік даму стратегиясын жақсы жүргізгені үшін Қазақстан осы ұйымның алдыңғы қатарлы озық елдерінің қатарына кіріп Халықаралық Туризм Агенттігінің Басқарушы Кеңесіне дейін жетті.

Біздің жас мемлекетіміз отандық туризмнің жүгін арқалап, соңғы он жыл ішінде нәтижелі жемісін көріп келеді. Кең байтақ қазақ жерінің тамылжыған табиғатының бағына біткен байлығы барда туризм саласы кенже қалмақ емес. Осы салада қызмет атқаратын мамандар мен бүкіл қазақстандықтарды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музей ұжымының атынан Халықаралық туризм күнімен құттықтаймыз!