The State historical and cultural museum-reserve

«Yezhelgi Taraz eskertkishteri»

Home / News / «Құпиялы Ақыртас» атты шығарылымы

«Құпиялы Ақыртас» атты шығарылымы

Бізге сонау өткен ғасырлар қойнауынан жеткен алып құрылыстың бірі — Ақыртас, кейде оны Тас ақыр деп те атайды. Талай заманның куәгері болған, құпия сыры әлі де беймәлім ескерткіш негізінде әуеской тарихшылар, атақты ғалымдар калам тартып, сырына үңіліп, салиқалы пікір айтып, нактылы тұжырымдар жасады. ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар Тізіміне енген бұл мәдени мұраның орны халықтың жадында ерекше сақталған. Қаншама ғалым аталған мекеннің тарихын зерттесе де оның үнсіз ішіне бұғып жатқан тарихи сырын аша алған жоқ. Міне, Ақыртас кешені осынысымен де өзінің құнын жоғалтпақ емес. Әлі де талай зерттеушілердің назарынан тыс қалмаған тарихи мұра өзінің заманалардан жеткен құпиясын бұққан күйі ғасырлар қойнауына сіңіп барады. Осы орайда облыстық "Jambyl TV" телеарнсының "8 аймақ" атты бағдарламасының "Құпиялы Ақыртас" атты шығарылымын тамашалаңыздар.