«Музей маржандары» тақырыбында тікелей эфирде сұхбат берді
Елбасының Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қабылданған «Рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалары еліміздегі тарихи-мәдени мұралар мен киелі жерлерді жан-жақты зерделеуде үлкен бетбұрыс болды.
Еліміздің тарихи-мәдени мұрасының ең құнды жәдігерлері тарихи ескерткіштер десек, өткен тарих қойнауынан сыр шертетін олар бүгінгі ұрпаққа көп мағлұмат беретіні сөзсіз.
21 мамыр – Мәдениет жәнер өнер қызметкерлерінің күні!
Қазақ даласында әлемді таңғалдыратын небір тарихи орындар мен ескерткіштер бар екені белгілі. Отанымыздағы ірілі-ұсақты ескерткіштерді қорғау, өзінен кейінгіге жеткізу – бүгінгі ұрпақтың еншісінде. 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрікті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі басты мақсат – тарихи ескерткіштерді сақтау мәселесіне қоғамның назарын аудару болып табылады.
Осыған орай, ҚР Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері Ұлболсын Алимханова мен Зульфия Балтабаева «JAMBYL TV» телеарнасының «Қайырлы таң, Жамбыл!» бағдарламасында, «Музей маржандары» тақырыбында тікелей эфирде сұхбат берді. Сұхбат барысында, тарихи – мәдени ескерткіштерді сақтау мен насихаттаудағы қорық – музейінің атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде, музейге қатысты тарихи – мәдени нысандары жайлы, алдағы уақыттағы ауқымды іс – шаралардың жоспары айтылды.