The State historical and cultural museum-reserve

«Yezhelgi Taraz eskertkishteri»

Home / News / Тарихқа толы Тараз қаласына келді

Тарихқа толы Тараз қаласына келді

Бүгін белгілі актер, режиссер Нұртас Адамбай өзінің туған жері, тарихқа толы Тараз қаласына келді. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің нысандары: "Тектұрмас", «Айша бибі» мен «Қарахан» кесенесі және «Ақыртас» сәулет-археологиялық кешенінде болды. Белгілі актер, режиссер Нұртас Адамбай, Тектұрмас кесенесі - ежелгі Тараз қаласының төл тарихи болмысын айшықтап тұрған өңірінде ортағасырлық түркі елдерінің қасиетті мекенін көрсететін, түркі тарихынан сыр шертетін этно-тарихи кешеннің маңыздылығын толығымен танысып, Тараз топырағындағы ғасырларды өзіне ғашық еткен, дәуірлерді әміріне тәнті еткен ұлы сезімнің символына айналған, қазақтың «Тәж-Махалы» атанып кеткен «Айша бибі» мен «Қарахан» кесенесінің ғажайыптарына үңіліп, аңыз ғұмыры мен сұлу күмбезінен сыр шерті. Сонымен қатар осыдан екі ғасыр бұрын тастан қаланған құпияға толы– Ақыртас сәлет- археологиялық кешенін көріп тамашалап қайтты.