The State historical and cultural museum-reserve

«Yezhelgi Taraz eskertkishteri»

Home / News / «Бірлік болмай тірлік болмас»

«Бірлік болмай тірлік болмас»

1 мамыр - Қазақстан халықының бірлігі күніне орай, 2021 жылдың 30 сәуір күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері «Бірлік болмай тірлік болмас» деген ұғымды ұстана отырып қорық-музей нысандары: «Тараз қалашығы», «Қарахан» және «Айша бибі"-"Бабаджа Хатун" кесенелерінің аумағында санитарлық-карантиндік шараларын сақтай отырып, санитарлық тазалау, көгалдандыру жұмыстарын жүргізілді.

1995 жылдың 18 қазанында елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жарлығы бойынша 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды. Мереке 1996 жылдан бастап тойлана бастады. Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді. Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі болып есептеледі. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік 1 мамыр тойланады. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды  насихаттау. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше.