«Музейге сый тарту» акциясы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырып отырған «МУЗЕЙГЕ СЫЙ ТАРТУ» акциясына барлық облыс тұрғындарын белсене қатысуға шақырамыз!!!
«МУЗЕЙГЕ СЫЙ ТАРТУ» акциясының мақсаты: ол – ата-бабаларымыздың қол еңбегінен туындаған, мәдениетіміздің асыл бөлшегі болған тарихи мәні зор, қазіргі таңда, ел арасында елеусіз жатқан ескілік заттарды, көне жәдігерлерді, фотосуреттерді және рухани құндылықтарымыз бен ұлтымыздың ұлы тұлғаларынан қалған заттай деректерді тарихымыздың өркендеуіне септігін тигізетін мәдени мұра ретінде және кәсіби тұрғыда сақтап қалу мақсатында, әрі көпшіліктің ол заттарды көре отырып, рухани нәр алатын қасиетін тамашалауына ұсыну бағытында «Музейге сый тарту» акциясы арқылы елдің игілігіне жарату үшін бір жерге жинау мен топтастыру еді. Аталған акцияға өңіріміздің тарихына жаны ашитын, ежелгі қаламыздың мәдени өркендеуі мен дамуына өз үлесін қосамын дейтін барша халықты ат салысуға шақырамыз. Сіздерде қызықты да құнды құжаттар, фотосуреттер, көне тұрмыстық заттар, ерекше әсерлі тарихы мен аңызы бар отбасылық құндылықтар сақталса, ол мұраларды бізге келіп тапсырыңыздар! Өйткені, олардың әрқайсысы өткен күннің тарихынан бір белгісі бар жәдігер ретінде сол заман туралы көптеген қызықты жәйттарды баяндауы мүмкін. Бәлкім, сіз сыйға тартқан жәдігер тарихымыздың біз білмейтін жаңаша беттерін де ашуы мүмкін. «МУЗЕЙГЕ СЫЙ ТАРТУ» акциясына үн қатқысы келетін әрбір жанға алдын-ала алғысымызды білдіре отырып, мына мекен-жайымыз бойынша:
Тараз қаласы, Бектұрғанов көшесі №3 үйге шақырамыз.
Дүйсенбі - Жұма аралығында сағ. 9:00-18:00 есігіміз әрдайым ашық. Сенбі, жексенбі – демалыс.
Байланыс телефондары: 43-08-26. E.mail: tarzapmuz.mail.ru
Бізге №9, 16, 19, 27, 43, 46, 47, 55, 56, бағытындағы автобустармен жетуге болады.
Жәдігерлерді әкелуге мүмкіндігіңіз болмаса, хабарласыңыз, өзіміз келіп алып кетеміз! «МУЗЕЙГЕ СЫЙ ТАРТУ» акциясында қабылданған әрбір жәдігер ұлтымыз бен тарихымыз үшін аса құнды және бұл сыйланған жәдігерлердің барлығы тек музейге емес, еліміздің ертеңгі тарихына жасалған сый болып табылады.